Дәстүр • 25 Мамыр, 2023
Жалпы, қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан ұлттық мәдени рәсімінің бірі – Қымызмұрындық. Бұл да Наурыз мейрамы сияқты көнеден келе жатқан қазына. Дәлел ретінде келтірсек, Еуропа, Қытай, Парсы елдері тарихшылары мен саяхатшыларының, Геродоттың жазба деректерінде «Сақтардың ең жақсы сусыны – қымыз, ал үлкен тойы – Қымызмұрындық, деп жазылған. Мұндай деректер кейінгі ортағасырлық ғалымдардың еңбектерінде де көптеп кездеседі. Әсіресе Армения, Ресей тарихшыларының еңбектерінде көбірек айтылады. Бірақ бұл дәстүр кеңес кезеңінде дұрыс насихатталмады.
Тұлға • 25 Мамыр, 2023
Ғасырдан астам тарихы бар қазақ баспасөзінің қара шаңырағы табалдырығын студент кезінде аттап, содан бүкіл саналы шығармашылық ғұмырын осы ұжымға арнап, осында табан аудармай еңбек етіп, зейнет жасына жеткенше қолынан қаламын тастамаған журналист Әділ Дүйсенбек бас басылым – «СҚ» – «Егеменнің» шырақшысы, жылнамашысы еді деп айтуға әбден лайық.
Сұхбат • 25 Мамыр, 2023
Қуаныш Жиенбай: Бүгінгі адамдардың ешнәрсеге таңғалмайтыны қалай?..
Арал тақырыбы – кең, ауқымды дүние. Сарқылмас тақырып турасында, сонымен қатар жаңа заманның әлеуметтік қырларын, қалтарыс-бұлтарысын аршып жазып жүрген қарымды қаламгер – «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Қуаныш Жиенбай. Жақында жазушымен әңгімелесудің сәті түскен еді.
Қоғам • 25 Мамыр, 2023
«Ашынғаннан шығады ащы даусым» деп сөз тиегін ағытқан қандастарымыздың әділдік іздеп таң атырып, кеш батырып жүргендеріне бірнеше жылдың жүзі болған.
Сұхбат • 25 Мамыр, 2023
Әскери форма киген сырықтай жігіттер сап түзеп кетіп бара жатқанын көргенде әне-міне орта мектепті аяқтап, үлкен өмірге қадам басқалы жүрген жастың арманына қанат бітіп, иығына жұлдызды погон таққысы келетіні рас. Осы орайда мектеп бітіруші түлектерге бағыт-бағдар болсын деп Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, полковник Атабек Қуандықұлы Салихбаевпен әңгімелескен едік.