Құқық • 15 Мамыр, 2023
Қоғамдық қауіпсіздік – басты назарда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Әділетті Қазақстан құру жолындағы басты міндеттердің бірі – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Өйткені елдің әрбір азаматы өз өмірі мен денсаулығы, табысы мен мүлкінің қауіпсіз екенін сезінуге тиіс. Бұл маңызды міндет еліміздегі ең ірі құқық қорғау органы – Ішкі істер министрлігіне жүктелген.
Спорт • 15 Мамыр, 2023
Дзюдодан Катардың астанасы – Дохада өткен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бір аптаға созылған бәсекелер барысында барлығы 14 жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Өкінішке қарай, сол медальдердің бірде-біреуі Қазақстанның балуандарына бұйырған жоқ. Жерлестеріміздің арасынан ең үздік нәтижеге Әбиба Әбужақынова қол жеткізді. Аса жеңіл салмақта белдескен бұрымдымыз бесінші орынды қанағат тұтты. Бірақ ол жеңіс тұғырына көтеріле алмағаннан кейін бұл көрсеткішке көңіліміз толды деп айта алмаймыз.
Табиғат • 15 Мамыр, 2023
«Ырғыз-Торғай» резерваты – сирек аң-құс сақтайтын мекен
Ырғыз-Торғай табиғи резерватын мекендейтін Бетпақдала киіктерінің саны былтырғы санақта 489 мың басқа жеткен. Қазір осы түз жануарының аналықтары резерваттың Қосбүйрек, Атанбасы деген жерлерінде төлдеуді бастады.
Суицид • 14 Мамыр, 2023
Соңғы күндері тәртіп сақшылары еліміздің бірнеше өңірінде шатырдан секіріп өлмекші болған адамдарды құтқарып қалды. Көктемнің әсері ме, кім білсін, бұл күндері суицидтің осы түрі жиі тіркеліп жүр. Ең өкініштісі, биіктен секіріп өлмек болғандардың ішінде өрімдей жастар да бар.