Өндіріс • 11 Мамыр, 2023
Таяуда Алматы қаласындағы «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұйымдастыруымен отандық тауар өндірушілердің «Ұлттық өнім» жетінші жыл сайынғы көрмесі ашылды. Көрмеге Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Гаухар Бөрібаева, Парламент депутаттары мен шағын және орта бизнес саласындағы 300-ден аса өкіл қатысты.
Қоғам • 11 Мамыр, 2023
2023 жылғы жаһандық сын-қатерлер
Алдағы онжылдықта күллі әлемді қандай сын-қатер күтіп тұр? Көптеген ақыл-ой орталықтары осы сұрақтар төңірегінде зерттеу жүргізіп келеді. Мәселен, 2023 жылы Дүниежүзілік экономикалық форум 1 200-ден астам жетекші сарапшының қатысуымен Жаһандық сын-қатерлер туралы есеп дайындаған.
Қоғам • 11 Мамыр, 2023
Мал азығы ретінде пайдаланылатын кәдімгі жемнің сапасын арттыра отырып, сүттің өнімділігін 20-40 пайызға ұлғайтқан ғалым Юрий Балджи мал денсаулығын сақтаудың жолын да ұсынып отыр.
Тарих • 10 Мамыр, 2023
«Достарым» әні кімге арналған?
Шығыста «Марқаға барсаң, әншімін деме» деген сөз бар. Ол рас, Марқакөл, Күршім өңірі өнердің қайнап жатқан қазаны іспетті. Азаматтары шетінен әнші, күйші, биші... Кешегі «Тамашаның» тарланы Уайыс Сұлтанғазин, сатирик Марат Сақатов, белгілі актер Досхан Жолжақсыновтар – осы жақтың тумалары. Ал атағы алты құрлыққа болмаса дағы, алты Алашқа танымал әнші, сазгер Оралхан Көшеровті білмейтіндер кемде-кем шығар. Әсіресе Жанар Айжанованың орындауындағы «Достарым» әні көпшіліктің құлақ құрышын қандырған. О.Көшеровті әмбеге танытқан да осы ән.
Тарих • 10 Мамыр, 2023
Былтыр елімізде «Дос-Мұқасан» көркем фильмі көрерменге жол тартты. Бұл 1967-1974 жылдардағы Қазақ политехникалық институтының Автоматика және есептеу техникасы факультеті студенттерінің вокалдық-аспаптық ансамблінің құрылуына, қалыптасуына және оның музыкалық-тәрбиелік маңызын елге таратуға арналған туынды болатын. Онда техникалық оқу орны студенттерінің республикада үздік музыкалық ұжым ұйымдастырғаны, бүкілодақтық байқаулардың жеңімпазы атанып, еліміздің эстрададағы аңызға айналғаны көрсетілген.