Тарих • 09 Мамыр, 2023
Көрнекті қаламгер Қабдыкәрім Ыдырысовтың шығармашылығында соғыс тақырыбы ерекше орын алады. 13 жасынан бастап қанқұйлы соғыстың елге салған лаңын бастан кешірген Қабдыкәрім – ауылдағы аңырап қалған жетім-жесірдің көз жасын өлең оқып, домбыра «сабалап үйреніп» ән айтып жүріп сүртіп, жұбатқан ұрпақтың өкілі.
Тарих • 09 Мамыр, 2023
Екінші дүниежүзілік соғыс тарихында Кеңес Одағының Батыры атағын алған фашист Германия әскері Вермахтың кіші командирі ұлты неміс жігіті болғанын көбіміз біле бермейміз. Бұл батырдың аты-жөні – Фриц Шменкель (Fritz Schmenkel) екен.
Тарих • 09 Мамыр, 2023
Майдан газеті: Сарғайған парақтар сыры
Сұрапыл соғыс талайдың өмірін жалмады. Қызыл әскер қатарына 1 млн 200 мыңнан астам қазақстандық шақырылса, олардың әрбір екіншісі опат болған. Сол күндердің жылнамасы, тарихы ретінде сақталған, көпшілік біле бермейтін басылым «Отанды қорғауда» деген атпен 1942-1944 жылдары шығып тұрды. Газет Қызыл әскердің жоғарғы саяси басқармасы Ленинград майданы әскери кеңесінің ұсынысымен жарық көрді.
Оқиға • 09 Мамыр, 2023
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтанған от қазақ даласын да шарпып өтті. Кеңестік кезеңдегі ортақ мүдде жолында қазақтың ұл-қыздары да қолына қару алып, майданға аттанды. Әр секунды қауіп пен қатерге толы сын сағатта Отан үшін жауға қарсы ұмтылғандардың бірі – Дәуренбек Дүйсенов.
Қоғам • 09 Мамыр, 2023
Жер сілкінісі туралы ақпарат: Үрейленуге негіз жоқ!
Түркиядағы жер сілкінісінен кейін қоғам елдегі сейсмикалық аймақтардың ахуалына алаңдай бастады. Осы тұста ақпараттық арна, сайттар қарап қалмады, бауырлас елдегі «дауыл» басылмай тұрып-ақ ел аумағында жер сілкіну қаупі бар деген аймақтар жайында көпті алаңдатарлық жалған-шыны аралас хабар тарата бастады. Шын мәнісінде қалай, толассыз ақпараттан кейін жұрттың дүрлігуі, үрейленуі орынды ма? Біз мұны сейсмолог мамандардың сұрап білгенді қолай көрдік.