Тарих • 06 Мамыр, 2023
Бейбіт өмір бесігінде тербеліп өскен ұрпаққа соғыс деген жат ұғым. Ойша елестететін соғыстың жантүршігерлік шындығын, тыныш өмірдің қадір-қасиетін от пен оқтың ортасынан аман келгендердің шығармасы бәрінен гөрі тереңірек сезіндіреді. Қауызы ашылмай жатып әскерге шақырылған балалар қатарында иығына мылтық асынып, қан майданның ортасынан табылғандардың ішінен елге белгілі ақын-жазушылардың үлкен шоғыры шықты. Соғыстың нағыз шындығы – солардың шығармасында. Ол шығармалар ХХ ғасырдың екінші жартысындағы тұтас бірнеше буынды тәрбиеледі.
Бокс • 06 Мамыр, 2023
Санатәлінің сәтсіздігі, Қамшыбектің қауқары
Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының төртінші күнінде шаршы алаңға екі былғары қолғап шеберіміз көтеріліп, өкінішке қарай, біреуі сәтсіздікке ұшырап, жарыс жолынан шығып қалды. Ал аса ауыр салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаев жаһандық доданы жарқын жеңісімен бастап, жанкүйерлерге өз қауқарын көрсетті.
Спорт • 06 Мамыр, 2023
Әлем чемпионаты: 13 салмақта - 20 қазақ боксшысы
Бүгінде бокссүйер қауымның назары Ташкент шаһарына ауған. Өзбек елінің астанасында төрткүл дүниенің боксшылары қатысқан әлем чемпионаты өтіп жатыр. 107 елдің 538 боксшысы қатарында 13 салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсететін қазақ оғландары да бар. Әзірге екі боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды. Бірақ бұл – бөлек әңгіме. Біздің бүгінгі айтпағымыз басқа. Кезінде Төле би төрелік айтқан шаһар төрінде бес елдің атынан әлемдік додаға жеті қазақ оғланы қатысып жатыр. 13 салмақта – 20 қазақ боксшысы. Тұңғыш рет. Тарихи сәт.Бейжің Олимпиадасында Бақыт Сәрсекбаев пен Қанат Исламның жеңіс тұғырында қатар тұрғаны рухымыздың айрықша асқақтатып еді. Енді міне, шетелде жүрген қандастарымыз да оза шауып, жаһандық додаға қатысып жатыр. Ендеше, тарихи сәттің кейіпкерлерін «Egemen Qazaqstan»-ның жақынырақ таныстырғанын жөн көрдік.
Шаруашылық • 05 Мамыр, 2023
Ауыспалы егіс – жерді аздырмаудың жақсы амалы
Елімізде ауыл шаруашылығы саласындағы қазіргі және болашақтағы ең өзекті мәселенің бірі – халықты күнделікті тұтынатын азық-түлікпен толықтай қамтамасыз ету. Өкінішке қарай әлі де шетелдің өсімдік өндірісіне (импортқа) тәуелдіміз. Мақтаулы өнімді сырттан тасуға мәжбүрміз. Осы қордаланған аса маңызды мәселелерді шешу үшін өңірдегі өсімдік және егіншілік шаруашылығын қарқынды дамыту қажет-ақ.
Туризм • 05 Мамыр, 2023
Екі елді жалғап тұрған өткел қашан ашылады?
Биыл Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы туристік саяхат бұрынғыдан да жеңілдейді деген ізгі жоспар бар және бұл негізсіз де емес. Өйткені туризм саласын табыс көзіне айналдыруды көксеп келе жатқан екі ел де кейінгі жылдары көлік, туристік маршруттар мен қонақүй бизнесін жақсартып, жергілікті тұрғындарды туризм саласындағы қызмет түрлеріне оқытып отырған жайы бар.