Энергетика • 04 Мамыр, 2023
Бүгінгі күннің басты тақырыбына айналып отырған АЭС құрылысының жобасы қоғамда қызу талқыланып, халық назарына іліккеніне де біршама уақыттың жүзі болды. Алғашқы кездегідей емес, қазір қарсылық танытушылар қарасы азайып, қолдаушылар қатары көбее бастады. Үкімет тарапынан елімізде атом энергетикасын дамытудың қажетті жағдайлары қарастырылып жатыр. Ал сала мамандары тұтынатын энергия көздерін сарқып алмас үшін дәстүрлі энергия көздерімен қоса атом энергиясын қоса-қабат дамытуымыз керек деген пікірде. Осы мәселелер жайында атом энергетикасы саласының маманы, ғалым, физика- математика ғылымдарының кандидаты, профессор Әділхан Шоқановпен болған әңгіме барысында баяндалған болатын.
Білім • 04 Мамыр, 2023
Білімді цифрландыру – уақыт талабы
Қазір цифрлық технологияларды пайдалануда жоғары білімнің цифрлық түрлендірілуі (трансформациясы) туралы әңгіме жиі қозғалады. Осы орайда жаңа цифрлық технологияларды жаппай енгізуде университеттер дамуын, сондай-ақ студенттерді даярлау жүйесіне сыртқы әсерлердің өзгеруін сипаттайтын заңдылықтарды айқындап, жүйелеу – өзекті мәселе. Оны шешу алдағы ғылыми-педагогикалық зерттеулерді, оқытушыларды даярлау жүйесінің даму жолдарын анықтау үшін маңызды.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2023
Жамбыл облысындағы Талас өзені өз бастауын Қырғыз елінен алатыны белгілі. Бұрын бұл өзен жағасындағы елді мекендерге суы жайылып, тыныштық бермейтін тасыған өзендердің бірі болған. Жағасында жолбарыс жортқан және түрлі аң-құс мекендеген өзен еді. Алайда Қырғыз Республикасы су электр стансасын салғаннан бері Талас өзенінің су көлемі кеми бастады.
Спорт • 04 Мамыр, 2023
Өрендердің Гимназиада мен Азия чемпионатына әзірлігі қандай?
Жақында 2009-2010 жылы туған өрендер арасында бокстан ел чемпионаты өтіп, оған еліміздің барлық облысы мен қалаларынан 299 балғын былғары қолғап шебері қатысты. Жарыс бір аптаға созылды. Себебі биылғы чемпионаттың маңызы зор.
Тарих • 03 Мамыр, 2023
Сұрапыл шайқас, мылтықсыз майдан
Белгілі қаламгер, қоғам қайраткері Бекет Момынқұлдың есімі оқырманға Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы туралы тарихи деректерді жинақтаушы ретінде жақсы таныс. Тараз қаласындағы Бауыржантану ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерін Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталу күні, яғни 9 мамыр қарсаңында әңгімеге тартқан едік.