Тарих • 03 Мамыр, 2023
Сағыныш! Сарғайған сезім сағымындай болған аса қадірлі аға-досым Әзілхан Нұршайықов туралы күнделігіме: «Халқының бір панасындай һәм данасындай сирек жаратылыс» деп жазыппын.
Тұлға • 03 Мамыр, 2023
Бұл 1966 жылдың ақпаны еді. Алматыда жапалақтап қар қалың жауып тұрды. Бірақ соған қарамастан адамдар екіден-үштен Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтына, Ғылыми кеңестің мәжілісіне келе жатыр. Мұнда профессор Қажым Жұмалиевтің талантты шәкірттерінің бірі – Сейфулла Құспанов «Проблемы перевода поэзии Абая» атты кандидаттық диссертация қорғамақшы. Біздер де, Академияның аспиранттары мен ғылыми қызметкерлері, мәжіліске келіп, залдың орта тұсына орналастық.
Сұхбат • 03 Мамыр, 2023
Театр мен кино өнерінде есімі құрметпен аталатын актер әрі режиссер Мұрат Ахманов өнерге ерте келді. Түр-тұрпатының өзі сахнаға сұранып тұрған немересін атасы жетектеп әкеліп Алматы хореографиялық училищесінің директоры, әйгілі биші Шара Жиенқұлованың қолына тапсырғанда ол он екі жаста болатын. Режиссер дүниеге келген Алматы облысы Кеген ауылы Ұзынбұлақ ауылына «Атаманның ақыры» фильмін түсіруге барған Шәкен Айманов таңсық өнердің ізіне түскен биші баланы көріп, батасын беріп, қолындағы қамшысын сыйға тартқан. Содан бері қызығы мен қиындығы қатар жүретін өнер саласына өмірін арнағалы да тұп-тура жарты ғасыр болыпты.
Футбол • 03 Мамыр, 2023
Ұлттар лигасының жеребесі тартылды
Швейцарияның Ньон қаласында футболдан әйелдер арасындағы 2023/24 жылғы УЕФА Ұлттар лигасы турнирінің топтық кезеңге арналған жеребесі тартылды.
Әлем • 03 Мамыр, 2023
Шекара асқаннан кейін кездейсоқ оқиғаға тап болып, жазатайым жағдайға ұшыраған ел азаматтарына қатысты кез келген мәлімдемеге мемлекет бейжай қараған емес. Бұл ретте еліміздің шетелдегі елшіліктері мен дипломатиялық қызмет өкілдерінің еңбегін ерекше атауымыз керек. Саяси келісімдер арқылы жүзеге асатын күрделі мәселеден бөлек, адам тағдырына қатысты қабылданатын жедел шешімдер азаматтардың өмірі мен бостандығын сақтап, қамтамасыз етуге жол ашады. Сондай оқиғалардың бірер мысалына тоқталсақ.