Экономика • 03 Мамыр, 2023
Жаңа экономикалық саясат: басым бағыттар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте макроэкономикалық саясатты өте байыпты жүргізу керектігін ескертті. Бюджет тапшылығын, мемлекет қарызын, Ұлттық қордан аударылатын трансфертті және басқа да макрокөрсеткіштерді реттеу қажеттігін қаперге салды. «Талай жылдан бері жалғасып келе жатқан осы мәселені түпкілікті шешетін уақыт жетті» деп кесіп айтты Мемлекет басшысы.
Энергетика • 03 Мамыр, 2023
Осы жылдың үш айының қорытындысы бойынша елімізде электр энергиясын өндіру 31 млрд кВт-сағатты құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9%-ға артық. Осы уақытта электр энергиясын тұтыну 30,9 млрд кВт-сағатқа (жылдық өсім – 1,4%) жеткен.
Руханият • 03 Мамыр, 2023
Таяуда филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Үсеннің «Абай мен Шекспир: адамтану биігі» атты зерттеу кітабы жарық көрді («Эверо» баспасы). Автор пайымынша, Абай әлемді біртұтас қабылдаған. Ол Шығысты да, Батысты да жатырқамай, одан үйренуді, оның рухани байлығын сіңіруді, түсінуді мақсат еткен. Қазақ руханиятын, өнерін, әдебиетін осы кең де, ғажап, бай, алуан түрлі рухани қазынамен толтырып, өзі де оның бір бөлігіне айналған.
Технология • 03 Мамыр, 2023
Жасанды интеллект саласындағы жарыс
Жасанды интеллект (AI) көмегімен ауқымды деректерді талдайтын «Presight AI» компаниясы мен «Astana Hub» халықаралық технопаркі «AI Battle» жарысын өткізді. Жарыс жасанды интеллект, үлкен деректер және машиналық оқыту саласындағы стартап-идеялар деңгейін көтеруге әрі бизнес аясын кеңейтуге бағытталған.
Сұхбат • 03 Мамыр, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек» деген сөзінен еңбек адамның жан-жақты қамтамасыз етілуі, заңды құқықтарының қорғалуы, әлеуметтік тұрғыда қолдау қажеттігі айтылды деп есептейміз. Осыған орай Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ Басқарушы директоры Марат Жаныбеков мырзадан жұмысшыларды қосымша әлеуметтік қолдау тетіктері туралы сұрап білген едік.