Руханият • 04 Мамыр, 2023
Қазақ елінің тәуелсіздік алғанына жылдан асқан уақ. Арадағы бір жыл ішінде дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылып кеткен қазақтардың басын қосқан аламан құрылтай өткен. Ел тарихында елеулі орны бар тұлғалардың мерейлі тойларына дайындалып, аттары ұрпақ санасынан өше бастаған, жетісі де, қырқы да, жылы да атаусыз қалған Алаш арыстарының аттарын қайыра жаңғыртып жатқан кез. Қаймалысқан осындай қарекеттермен жүргенде, ойламаған тұстан «Ор шайқасы» деген тағы бір шаруа бүйірден шыға келген... Бұл шаруаны қозғап жүрген жазушы Бексұлтан Нұржеке ағамыз десті. Ол кісі өзінің «жеті жетім» деген достары бар, басқа да зиялы жұрттың бірнешеуін ертіп, Жаркентке барып қайтыпты. Қаламгер достарын сонау Жоңғар сілемдерінің бір қиырындағы соғыс болған Ор дейтін жерге апарыпты, тау мен тасты аралатып, тарихтың көмескі бір бетін қайыра жаңғыртып келіпті дегенді естідік.
Спорт • 04 Мамыр, 2023
Ананы еске алған қыздар турнирі
Ұлан ауданының Мамай батыр ауылындағы орта мектеп спорт залында ардақты ана, еңбек ардагері Майра Балғабайқызын еске алуға арналған волейболдан қыздар арасында облыстық турнир үшінші рет өтті.
Теннис • 04 Мамыр, 2023
Жасөспірімдер – жартылай финалда
Теннистен еліміздің жасөспірім қыздар құрамасы Шымкентте өтіп жатқан теннистен әлем чемпионатына жолдама беретін іріктеу турнирінің жартылай финалына шықты.
Заң • 04 Мамыр, 2023
Латифундистер заңға бағынбай ма?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 19 сәуірде еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзінде: «Жария етілген көптеген реформа әлі де баяу жүріп жатыр. Оны мойындауымыз керек. Сондықтан Үкімет ескі жұмыс тәсілін түбірімен жою үшін ерік-жігер танытуға тиіс», деді. Президенттің бұл сыны жер қатынастарын реформалауға да қатысты деп білеміз. Себебі ел өңірлерінде жер дауы әлі басылмай тұр. Бұған өткен жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне 9500-ден астам арыз-шағым түскені айғақ.
Қоғам • 04 Мамыр, 2023
ПИК-тің тиімді тұстары көп еді...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте қалаларды абаттандырумен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы мәселелерге кезекті рет тоқталды.