Әдебиет • 10 Мамыр, 2023
Роман жүгі ауыр жанр екені оқушы қауымға белгілі жайт. ХХ ғасырда қазақ әдебиетіне олжа салған қадау-қадау көркем шығармалар сол кездегі оқырмандардың әлі күнге дейін есінде. Оны қазір ойша шолып шықсақ, Ғабит Мүсіреповтің атақты «Ұлпаны», Ілияс Есенберлиннің «Қаһарынан» бастап, көшпелілер өміріне арналған бірқатар туындысы әдебиетімізді жаңа биікке көтерген еді. Әбіш Кекілбайұлының «Үркері» мен Мұхтар Мағауиннің «Аласапыраны» есімізге алғашқылардың бірі ретінде оралады. Әбекеңнің (Нүрпейісов) «Қан мен терін», одан кейін «Соңғы парызын» оқыдық. Тізімді бұдан әрі де соза беруге болар еді. Сондай-ақ қазақ көркем әдебиетіне «Жасыл белес», «Түйелі адам», «Бала жігіт», «Қара жорға», «Балдақты адам» сияқты сүбелі шығармалар берген Рахметолла Райымқұловатың есімі де құрметке лайық деп білеміз.
Әлем • 10 Мамыр, 2023
Теңіз жағасында шашылған маржан тастай жарқыраған, Каспий бойындағы көздің жауын алатын ғажап қала – Бакуді Әзербайжанның басына біткен бақ деп қана емес, түркі жұртының жауһары деп білеміз. Тарихы бай бұл жерге қанша мәрте табанымыз тисе де, талай ғасыр бойына бүккен мол сырына қанығу әсте мүмкін емес. Осынау әсем шаһардың нұрына шомылып, екінші рет жолымыз түсіп тұрса да, жаңа танысқан ару қызға тамсанғандай одан сайын тәнті бола түстік.
Спорт • 10 Мамыр, 2023
Бұқаралық спорт және ұлт саулығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз» деген болатын.
Тұлға • 09 Мамыр, 2023
Майданда болғандар өмірді, достықты ерекше қадірлейді. Майдандас достардың бір-біріне деген құрметі ерекше болатыны да сол. Өмір өткелінің бір мезетінде Кемелдің үйінде қона жатып, сырласқан сәті көз алдына арбалып тұра қалған. Онда Әзілхан «Социалистік Қазақстанның» Павлодар облысындағы меншікті тілшісі болып істейтін. Кемел осы басылымның жауапты хатшысы еді. Алыстан келген досын қолқалап, төріне шығарған. Жұмыс аяғында жеткен бұларды орта бойлы, талдырмаш денелі, қараторы келіншек күлімдеп қарсы алады. Жайдарылығы жүзінен ескен жан екен, ашық қабағынан қонақ күтуге дағдыланған аңсарлы әдеп аңғарылады.
Оқиға • 09 Мамыр, 2023
Ресми дереккөзге жүгінсек, қан майданға Қазақстаннан аттанғандардың 410 мыңы қайта оралмаған. Бұл жауынгерлердің 350 мыңы қазақ ұлтының өкілі болса, осылардың 271 мыңы хабар-ошарсыз кеткендер қатарында екен. Сол хабарсыз кеткен көп қазақтың бірі – Қайыржан Тікшекеев есімді жауынгердің мүрдесі 2020 жылдың наурыз айында Украинаның Киев облысына қарасты Макаровский ауданының Боровка селосы маңынан табылды. Сол жылдың қазан айында қазақ жауынгерінің сүйегі Астана қаласына ұшақпен жеткізіліп, елордадағы Әскери-тарихи музейде марқұмды ұлықтау іс-шарасы өткізілген соң, кіндік қаны тамған Дәуқара ауылындағы ата-баба қорымына жерленді. Осылай қатардағы солдат Қайыржан Тікшекеевке 80 жылдан кейін ғана туған жерінен топырақ бұйырды.