Күрес • 16 Сәуір, 2023
Мадияр Құрамысов жаттықтыратын Қазақстанның еркін күрес шеберлері өткен Азия чемпионатында жеті жүлде жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте жеке-дара көш бастады. Нақтылап айтсақ, біздің балуандар 4 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль олжалады. Барлығы – 7 жүлде! Өткенге зер салсақ, бұған дейін сары құрлықтың басты додасында Қазақ елінің әнұраны бірде-бір рет төрт мәрте шырқалмаған екен. Сол себепті де «Осы жолы біз тарихи жеңіске қол жеткіздік» деп нық сеніммен айта аламыз.
Су тасқыны • 16 Сәуір, 2023
«Есіл тасып барады, жардан асып»...
Солтүстік Қазақстанда осы күндері үзілмей соққан қара жел Есілдің тасуынан белгі беріп тұр. Биылғы қардың күндіз-түні тұрақты еруі 23 наурызда басталған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 10 күнге ерте деген сөз. Сондықтан қар суының әлегі артта қалды, енді тек Есілдің тасуынан ғана қауіп күтуге болады.
Хоккей • 16 Сәуір, 2023
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы мен ҚХЛ-да өнер көрсететін елордалық «Барыс» клубының ойыншылары Егор Петухов, Антон Сагадеев және Алексей Маклюков (2017-2021 жылдары «Барыс» сапында ойнаған) Қазақстан азаматтығынан бас тартты.
Қоғам • 16 Сәуір, 2023
Қызылордада талантты композитор Кеңес Дүйсекеев атындағы I халықаралық «Туған жер» әншілер конкурсы өтті. Өнер жарысына Қазақстанның барлық өңірінен және Болгария, Польша, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстан елдерінен 28 әнші қатысты.
Білім • 14 Сәуір, 2023
Оқулық сапасын қалай жақсартамыз?
Мектептегі оқулық мәселесі өзекті тақырыпқа айналғалы қашан. Оның себебі де жоқ емес. Кейінгі отыз жылда білім беру саласы түрлі реформадан көз ашпады. Сынақ алаңына айналды десе де болады. Соның бір ұшы оқулыққа да әсер етті. Санамен бірге оқулық та сан мәрте өзгеріске ұшырады. Осыдан екі жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында білім саласындағы реформаларға тоқталып, оқулық сапасының төмендігін айтып, мәселе көтергені де есімізде. Бұрын елімізде оқулық жазудың өзіндік мектебі болғанын білеміз. Оның басында айтулы ғалымдар, білікті мамандар тұрды. Солардың жазған оқулықтарымен қаншама ұрпақ білім алып, арман жолына қанат қақты. Қазір сол бір қалыптасқан мектептегі сабақтастық үзіліп қалды ма? Әлде уақыт талабына сай оқулық жазу күрделене түсті ме? Авторлардың біліктілігі қандай? Осындай сан сауал бізді ғана емес, оқырмандарымызды да ойландырады. Сондықтан осы бір маңызды мәселені талқылау үшін Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры Елдос НҰРЛАНОВ, жазушы, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет АҚЫШ, Астана қаласындағы №27 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мәнсия МАКАЕВА және география ғылымдарының докторы, профессор, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының бас ғылыми қызметкері Орденбек МАЗБАЕВТЫ дөңгелек үстел басына шақырдық.