Саясат • 12 Сәуір, 2023
«Microsoft» мульти аймақтық хаб ашады
«Microsoft» корпорациясымен Қазақстан аумағында орналасатын мультиаймақтық хаб ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен еліміздің Сан-Франциско қаласындағы (АҚШ) бас консулдығының бірлескен жұмысының нәтижесі.
Футбол • 12 Сәуір, 2023
Ұлытау облысы көп нәрсені жаңадан бастап жатыр. Соның бірі – футбол спортын жолға қойып, дамыту. Былтыр облыс әкімдігі мен Қазақстан футбол федерациясы қауымдастығының арасында меморандум жасалып, облыстық футбол қауымдастығын құру, кәсіби футбол клубы мен балалар-жасөспірімдер академиясын ашу көзделген еді.
Өнер • 12 Сәуір, 2023
А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі хореографиялық оқу орындары арасындағы VIII «Өрлеу» халықаралық байқауын өткізді. Бұл халықаралық байқау әлемнің жетекші балет мектептері арасындағы халықаралық байланысты дамытып, нығайту мақсатында 2008 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.
Экономика • 12 Сәуір, 2023
Русиф ХУСЕЙНОВ, саяси сарапшы: Екі елдің қарым-қатынасы нығая береді
Күні кеше Түркі және Кавказ елдерінің назары Қазақстан мен Әзербайжанға ауды. Өйткені Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен елге келді. Осыған орай сарапшылар екі елдің қарым-қатынасын саралап, жоғары баға берді. Мәселен Әзербайжан саяси сарапшысы Русиф Хусейнов «осы кезге дейін саяси, экономикалық, мәдени салаларда тығыз байланыс орнатқан қос мемлекеттің арасына ешқашан сызат түскен емес» деген пікір білдіріп, «The Politicon» саяси-ғылыми журналында «Әзербайжан-Қазақстан қарым-қатынасы: қазіргі жағдайы мен болашағы» атты мақаласын жариялады. Мақалада сарапшы Кавказ елдерінің ішінде Қазақстанмен тығыз әріптес әрі дос елге айналған Әзербайжан ғана екенін айтады.
Ғылым • 12 Сәуір, 2023
Ғылым табыс көзіне айналуға тиіс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа сайланған Парламент сессиясының ашылуында: «Елдің ішкі сұранысын өтеуге қатысты бір негізгі ұстаным болуға тиіс. Ең алдымен, ішкі нарыққа бағытталған өңдеу өнеркәсібін дамытуымыз қажет. Өңдеу өнеркәсібін инновация мен жоғары технология ғана жедел дамытады. Бұл айдан анық нәрсе. Сол себепті Қазақстан экономикасы ғылыми жетістіктерді негізге алуы керек. Зерттеу жүргізіп, патент алу жеткіліксіз. Ғылыми жаңалықтарды өндірісте пайдалану қажет», деп атап өтті.