Спорт • 12 Сәуір, 2023
Көш басында – парсы мен қырғыз балуаны
Грек-рим күресі шеберлері Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан Азия чемпионатын қорытындылады. Байрақты бәсеке барысында жерлестеріміз сегіз жүлде олжалағанымен, бұл көрсеткішке көңіліміз толды деп айта алмаймыз. Өйткені алтын медальдің аздығынан жалпыкомандалық есепте үшінші орында қалып қойдық. Біздің жігіттерге қарағанда Иран мен Қырғызстан құрамалары әлдеқайда жақсы нәтиже көрсетті.
Қазақстан • 12 Сәуір, 2023
Ғарышпен байланыс – ғаламға пайдалы іс
Тәуелсіздік елдің егемендігімен ғана өлшенбесе керек. Мемлекет әр салада үстемдік құрып, бәсекеге қабілетті болғанда ғана тәуелсіздіктің төрт құбыласы теңеледі. Шетелге телміруді шектеген сайын тәуелсіздіктің де тамыры тереңдейді. Біз бағыт алған «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығы дәл осындай мақсатпен құрылған болатын.
Ғылым • 12 Сәуір, 2023
Ғылыми-техникалық жобалардың әлеуеті зор
Еліміз өркениетті елдердің қатарына қосылуы үшін ең бірінші ғылымды, технократияны дамытуы керек деп айтудай-ақ айтылып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та жастарды техникалық мамандықтарға бағыттау керектігін бір емес, бірнеше рет ескертті. Рас, технологиясы озық елдермен үзеңгілесу үшін балаларды мектеп жасынан техникаға баулып, қызығушылықтарын арттыра түсу маңызды. Осы орайда Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің атқарып жатқан шаруасы аз емес.
Руханият • 11 Сәуір, 2023
Қазақша сөйлеуге еш кедергі жоқ...
«Мемлекеттік тілге ешқандай бөгет жоқ». Жезқазған қаласындағы «Өмірлік қиын жағдайдағы тұлғаларды қайтадан әлеуметтендіру орталығы» мекемесінің басшысы Жақып Аймырза есімді азамат осылай дейді. Айту – оңай, ал соны нақты іспен нықтау жағы қалай?
Шахмат • 11 Сәуір, 2023
Классикалық шахматтан Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші партиясы Ян Непомнящийдің жеңісімен аяқталды. Ресейлік гроссмейстер бұл жолы қара фигурамен ойнаса да, бәсекені ақ фигурамен бастаған қытайлық Дин Лижэньді небәрі 29 жүрісте сүріндірді.