Руханият • 10 Сәуір, 2023
Төңкерістен бұрынғы Батыс Қазақстан өңірінде ең танымал дін қайраткерінің бірі болған Дәулетияр ишан Айсарыұлының да тағдыры аянышты. Кеңес үкіметі 80 жастан асқан ақсақалды бірнеше мәрте соттап, жер аударады. 1935 жылы Жымпитыда дүние салған ишанның қабірі талай жыл күтімсіз жатқаны өкінішті-ақ...
Спорт • 10 Сәуір, 2023
Жексенбіде футболдан Қазақстан Премьер-лигасының бесінші туры аясындағы соңғы үш ойынды тамашаладық.
Жәдігер • 10 Сәуір, 2023
Ұлттық музейде 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісі қаһарманы Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай «Халық батыры» атты көрме өтіп жатыр.
Елорда • 10 Сәуір, 2023
Халық игілігіндегі ЭКСПО орталығы
Кейінгі үш жылда «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы өзінің имидждік жобасын трансформациялап, білім беру және қаржы ұйымдарын шоғырландыра алды. Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ЭКСПО аумағын қоғамдық кеңістік ретінде дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.
Туризм • 10 Сәуір, 2023
Көрікті жерлеріміз көп, бірақ келушілер аз. Неге?
Бүгінде әлем бойынша ішкі жалпы өнімнің 10%-ы туризмнен түсетіні белгілі. Бұл әлемнің дамыған елдері қызмет көрсету саласының кілтін таба білгенін аңғартады. Кейінгі жылдары елімізде де туризм саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Мысалы, жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында ел дамуына үлес қосатын бірнеше маңызды бағытқа тоқталып, соның ішінде Үкімет пен Парламент туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс екенін жеткізді.«Еліміздегі туризмнің әлеуеті зор, көрікті жерлеріміз өте көп. Бірақ сол жерлерге барып демалуға әлі де жұрттың қолы жете бермейді. Бұл салаға тың серпін беру үшін, ең алдымен, инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын түбегейлі жақсарту қажет. Кәсіпкерлер туризмнің болашағы зор екенін көруі керек. Сол үшін қажетті жағдайды жасаған жөн. Осы салаға салынған жеке инвестицияның көлемі, іштен және сырттан келген туристердің саны неғұрлым көп болса, жұмыстың нәтижесі де соғұрлым тиімді болмақ», деді Президент. Осы орайда туризм саласын ілгерілету ісіне тікелей қатысы бар сала мамандарының басын қосып, ұсыныс-пікірлерін, түйдек-түйдек ойларын оқырманға ұсынып отырмыз.