Ғылым • 10 Сәуір, 2023
Отандық ғылымға олжа салып жүрген оқу орындарының ішінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің орны бөлек. 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күніне орай оқу ордасында ұйымдастырылған баспасөз туры кезінде осыған тағы бір мәрте көз жеткізгендей болдық.
Шахмат • 10 Сәуір, 2023
Әлем чемпионы Астанада анықталады
Ерке есілдің жағасында орналасқан елордамызда шахматтан әлем чемпионатының жалауы желбіреді. Астанадағы ойлылар ойынының алтын тәжі үшін өтіп жатқан бәсекеде ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэн шеберлік байқасып жатыр.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2023
Шідертіден асып, Шығанаққа жетеді
Қаныш Сәтбаев атындағы су арнасынан жылдағыдай Шідерті өзеніне су жіберіле бастады. Мамандар биыл сай-саланы қуалаған мол су Ақтоғай ауданындағы Шығанақ көліне дейін жетіп, оны қосымша 15 млн текше метр сумен байытатынын болжап отыр. Соңғы жылдары тартылып бара жатқан көлдің табиғи балансы осылайша реттелмек.
Инфляция • 09 Сәуір, 2023
Инфляцияның бәсеңдеу үрдісі: өткен айда жеті түрлі азық-түлік өнімі арзандады
Өткен наурыз айының төрт аптасында әлеуметтік маңызы аса жоғары жеті бірдей азық-түлік өнімдерінің бағасы кәдімгідей төмендепті. Атап айтқанда, пияз ай басынан санағанда 2,5 пайызға, картоп 1,1 пайызға, сәбіз 0,1 пайызға, сондай-ақ қарақұмық 4,1 пайызға, қант 1,9 пайызға, күнбағыс майы 1,2 және тауық еті 0,4 пайызға арзандаған.
Әскер • 09 Сәуір, 2023
Тактикалық жаттығудың жай-жапсары
Мемлекет басшысы күштік құрылымдардың жұмысын тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел әрекеті және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою жөнінде тапсырма берген болатын. Соның шеңберінде Жетісудағы әскери полигонда Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдарының «Бекет-2023» ведомствоаралық тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті.