Қазақстан • 07 Сәуір, 2023
Қазақта «көрші хақы» деген бар. Еліміздің батыс қақпасындағы Атырау мен Ресей Федерациясындағы Астрахань облысы – ежелден қоңсы отырған өңірлер. Көрші облыстар арасында іскерлік барыс-келіс те, экономикалық алыс-беріс те үзілген емес.
Пікір • 06 Сәуір, 2023
Адамзаттың басты құндылықтары барша адам баласына ортақ десек те, тарихқа, тарихи тұлғаларға көзқарас әлемде әртүрлі. Өкінішке қарай, көп жағдайда тарихты жасаушылар өзге елдерді қанға бөктіріп, өзіне бағындырған басқыншылар болып келеді. Көне, орта ғасырларда күштінің культі ерекше болды. Өзге елдерді басып-жаншу, бағынғысы келмесе, қырып-жою қалыпты жағдай болып есептелді. Ол үшін оларды ешкім кінәламады. Қайта көкке көтеріп, аңызға айналдырды. Осындай аңыздардың бірінде – Александр Македонский бүкіл жерді жаулап алып, жердің шетіне келеді. Жер біткен, ар жағында ештеңе көрінбейді, осыған өкінген патша: «Жаулап алатын жер жоқ, енді қайттым» деп жылапты дейді. Аңыздың басты мотиві – басқыншының данышпандығына, жаугерлік қабілетіне таңғалу. Әділдік, ізгілік, обал-сауап секілді ұғымдар әлі есепке кіре қоймаған секілді. Диктаторларға, тирандарға табыну дәстүрі қалыптасты. Бұл құлдық сана дәуірі еді.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2023
Қыстай қалтырайтын қала екінші Екібастұзға айналмай ма?
Осыдан отыз жыл бұрын... Қыстың қақ ортасында Ұлытау өңіріндегі жылусыз, сусыз, жарықсыз қалған қос қаланың бірі Сәтбаев қаласы еді. Араға отыз жыл салып сол күндер қайта оралып жүрмесе екен. Шындығына келгенде, мұндай қауіп жоқ емес...
Тарих • 06 Сәуір, 2023
...Жасы бүгінде сексеннің үшеуінен асқан Қалиғұмар аға Қабдешев жарты ғасырдан астам уақыт бойы фотосуретшілікпен шұғылданған жан. Қазақ жерінде аяғы тимеген жері аз деуге де болады. Әйтеуір, осы салада кәсіби маман тұрғысында ерен еңбек етіп, елінің абыройын арттырған ардақты азаматтарды ғана емес, қарапайым жұмыскерлерді де қырағы объективіне алды. Таңғажайып табиғат көріністерінің бедерлі бейнесін жасады. Ол кісінің қазақ өнерінің майталмандары туралы суреттерінің, тіпті жөні бөлек. ...Жасы бүгінде сексеннің үшеуінен асқан Қалиғұмар аға Қабдешев жарты ғасырдан астам уақыт бойы фотосуретшілікпен шұғылданған жан. Қазақ жерінде аяғы тимеген жері аз деуге де болады. Әйтеуір, осы салада кәсіби маман тұрғысында ерен еңбек етіп, елінің абыройын арттырған ардақты азаматтарды ғана емес, қарапайым жұмыскерлерді де қырағы объективіне алды. Таңғажайып табиғат көріністерінің бедерлі бейнесін жасады. Ол кісінің қазақ өнерінің майталмандары туралы суреттерінің, тіпті жөні бөлек.
Ұстаз • 06 Сәуір, 2023
Ұстаз – жан баласының жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін ардақты тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі де ұстаз. Біз бүгінгі мақаламызда ұлағатты ұстаз, белгілі өнертанушы ғалым, мәдениет саласының саңлағы, қазақ биінің білгірі – Тойған Ізімнің шығармашылығы мен педагогикалық қызметі туралы айтсақ дейміз.