Өнер • 06 Сәуір, 2023
Өнер атаулыға құпия, тылсым, аңыз-әңгіме сынды ұғымдар таңсық емес. Талай ғасырлар бұрын туған әсем дүниеге жұрт осы заманда да таңғалып, тамсанып жатады. Тіпті, туындының тереңінде көмілген кей сырлары араға жүздеген жыл салып, су бетіне шығуы да бек мүмкін.
Өнер • 06 Сәуір, 2023
Алматыдағы Сәбит Мұқановтың музейінде келушілердің назарын аударып, қызығушылықтарын оятатын құнды жәдігерлер баршылық. Соның бірі жатын бөлмедегі қабырғада ілулі тұрған портрет, бір қарағанда жай ғана қағазға салған сурет секілді көрінгенімен, шын мәнінде жақындап, анықтап қарасаңыз, түрлі-түсті былғары бөліктерінен құралғанын байқауға болады. Құрақ бейне. Былғары құрақтан өрнектелген. Өлшемі – 68х49 см.
Үкімет • 06 Сәуір, 2023
Сепаратистік әрекет заңмен жазалануға тиіс
Күні кеше Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар елімізде сепаратизмге жол жоқ екенін айтып, құзырлы органдар өкілдеріне осыған қатысты сұрақтарын қойды. Күн тәртібіне шығарылған заң жобалары қаралып болғаннан кейін сауалдар қарша борады. Әсіресе, Петропавл қаласындағы оқиғаға ерекше назар аударылды.
Сұхбат • 06 Сәуір, 2023
Мемлекет жастардың дамуына қамқорлық жасайды
Жастар саясаты – мемлекеттік маңызды міндеттердің бірі. Қолға алынған әр бастамада олардың табыс деңгейін көтеру, несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен білім алу мүмкіндігін кеңейту көзделген. Әрине, мұның барлығын тиімді жүзеге асыру көбіне жан-жақты ойластырылған бағдарламаға, заңнамалық құжатқа тікелей байланысты. Қоғамның қозғаушы күштеріне арналған еліміздің бүгінгі стратегиялық бағыты туралы Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурсы орталығы» КММ басшысы Шыңғыс Тілеулин өз ой-пікірін ортаға салған еді.
Мәселе • 06 Сәуір, 2023
Ескі бөгеттер есепке алынуға тиіс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған Парламенттің бірлескен отырысында еліміздегі судың 65 пайызы ауыл шаруашылығы саласына жұмсалатын болса, соның 60 пайызға жуығы құмға сіңіп кететінін ашық мәлімдеді. Мұндай ысырапшылдықтың жолын кесу үшін жаңа тариф саясатына көшу керек. Әйтпесе алдағы уақытта ахуал күрделене түспек.