Тарих • 28 Наурыз, 2023
Зұлмат соғыстың тигізген зардабы орасан екені даусыз. Миллиондаған адамның өмірін жалмайтынына да көне тарих куә. Бүгінгі қоғамның сол соғыстағы Түркістан легионына деген көзқарасы әлі күнге екіұдай күйде қалып отыр. Соғыс жылдарында Түркістан легионында қызмет еткен қазақтар жөнінде мәліметтер әлі толық зерттелген жоқ.
Жастар • 28 Наурыз, 2023
NEET: Жалқау жастардың жігерін жанитын жол қайсы?
«Еңбек – адамның екінші анасы» дейміз. Тәрбиелік мәні терең бұл тәмсілдің мағынасын «Адамды адам еткен – еңбек» деген тағы бір дана сөз аша түседі. Яғни еңбек адамды өсіреді, өмірден өз орныңды тауып, тұлға болып қалыптасуыңа бастайды, қатарға қосады. Өкініштісі, қазіргі кезде осынау құндылықты құнттамайтын, еңбек етуге, ізденуге құлықсыз, ынта-жігері жоқ жастар да арамызда жүр. Бұл ретте мұндай сипатқа ие NEET санатындағы жастардың үлесін азайтуға мемлекеттік жастар саясатының негізгі басымдығының бірі ретінде ерекше мән беріліп келеді.
Мектеп • 28 Наурыз, 2023
Ауылдарда қазақ мектебінің үлесі аз
Ресеймен шекаралас өңірлерде мемлекеттік тілдің қолданыс аясы оңбай тұр. Соның бір дәлелі – қазақ тілінде білім алып жатқан оқушылар үлесінің өте аздығы.
Мәселе • 28 Наурыз, 2023
Орман өрті – саладағы олқылық салдары
Халқымыз өртті «тілсіз жау» деп, оның айтып келмейтінін ескерткен. Сөйтіп, әрдайым қамсыз отырмауды тапсырған. Бұл құбылыстың далалы жердегісінен ормандағысы өте қауіпті әрі әлдеқайда зиян. Өрт ағаш басын шалып, күшіне енгенде гуілдеп, тарсылдап, үрейді алады. Желмен жарысып, шоқ пен жалынды алысқа лақтырады. Сөйтіп, барлық тіршілік көзін қуырып, аң мен құсты да отты уысынан құтқармайды. Бұл – аса зор табиғи апат. Қостанай орманын отқа ораған өрт үш күнге жалғасқан-ды. Қамсыздықтың арты қасіретті өртке қалай ұрындырған еді? Соның баянына назар аударалық.
Әдебиет • 28 Наурыз, 2023
Ахмет Жұбановтың «Замана бұлбұлдары» кітабы – XX ғасырдағы ұлт әнші-сазгерлерінің бет-бедерін айқындар бірегей туынды. Ресейде оқып, шұңғыма білім алған Жұбанов әр өнерпазға тереңнен баға беріп, тебірене сыр шертеді. Әсіресе Әміреге келгенде кітаптың көрігі қызып, оқырманды қоңырсалқын ұйығына тарта түседі.