Қоғам • 27 Наурыз, 2023
Бұл күндері жеке басымның сүйкімді тамыры, сұңғыла тамыршысы – Герольд Бельгердің көп жыл бойы түзген күнделіктер жинағы. «Тень дней минувших». «Мерекенің баспалар үйінен» 2015 жылы әсем безендіріліп басылған шоң дүние.
Өнер • 27 Наурыз, 2023
«...Сазы мұңлы қоңыр қаз ұшты айналып,Қанатына қажымас күш байланып!Қарап тұрмын, әлде ақын кетті ме деп,Жылда келіп тұратын құсқа айналып…»
Әдебиет • 27 Наурыз, 2023
Әлемді жайлаған идеясыз шындықтар және аманат арқалаған «Бөрте» лиротрагедиясы
Драматургтер шығармасы сахнаға жол тартқаннан бастап, басқаларға тәуелді болып қалады. Режиссерден тартып, актерлерге дейін бәрі пьесаға өзгеріс енгізгісі келеді. Олар енгізген бояуды, көңіл күйді, эмоцияны, атмосфераны, бәрін-бәрін қабылдауға көнесің, көнуге мәжбүрсің. Кейбір драматургтер сахнадан өз шығармасын өзі танымай қалады деседі. Ондай драма кез келген жерінен қысқарта берсе, мазмұны өзгермейтін бостекі роман секілді. Нағыз драма қол батпастай тығыз болуы керек.
Руханият • 27 Наурыз, 2023
Жамбыл жырлаған «Қыз Жібек» жапонша сөйледі
«Қыз Жібек» лиро-эпосының Жамбыл Жабаев жырлаған нұсқасы жапон тілінде жарық көрді. Оны Жапонияның фольклортанушылар ассоциациясы мен Еуразия Жазушылар одағының мүшесі, белгілі аудармашы Шарафат Жылқыбаева тәржімалады.
Әлем • 27 Наурыз, 2023
Францияда бір аптадан бері наразылық акциясы басылар емес. Бірқатар қалада шеруге шыққандар әкімшілік ғимараттарды өртеп, құқық қорғау қызметкерлерімен қақтығысқан. Осылайша, Еуропадағы алпауыт мемлекет саналатын үшжолақты елдің тынышы қашып тұр.