Өнер • 20 Ақпан, 2023
Жақында күйші Шалқар Ырысханұлымен емен-жарқын әңгімелесіп отырып, «жүрген соң бауырында күнде көріп, таулардың биіктігі байқалмайды» деген өлең жолдары еске түспесі бар ма. Әрине, ұлт руханиятының жоғын жоқтап, барын түгендеп жүргенін білеміз. Бірақ тоқсаныншы жылдардың алағай-бұлағай кезінде Өскеменде «Жас тұлпар» ұйымын құрып, қазақтың тілін, мәдениетін, ән-күйін асқақтатқанынан хабарымыз жоқ екен.
Музей • 20 Ақпан, 2023
Астанадағы Ұлттық музейде 1976 жылы Қостанай қаласының іргесіндегі Мичурин ауылының егіс даласынан табылған «Тобыл ойшылы» аталған тас мүсіннің түпнұсқасы сақталған. Әлі күнге дейін «сыры» толық ашылмаған мүсіннің биіктігі – 202 мм, салмағы – 4 кг.
Білім • 20 Ақпан, 2023
Кәсіптік бағдарлау білікті маман болуға жол ашады
Өмірде таңдау мүмкіндігі туғанда мейлінше мүлт кетпеуге мән беретін маңызды нәрсенің бірі – мамандық. Өкінішке қарай, бұл таңдауға келгенде шалыс басып, басқа шаруаның құлағынан ұстаған немесе мүлдем шарасыз жүрген азамат көп.
Жастар • 19 Ақпан, 2023
Жастардың басын қосатын орталық
Қызылордадағы «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығы өткен жылы 143 іс-шара ұйымдастырып, оған 10 мыңнан астам жас қатысыпты. Жастардың сұранысына орай жабдықталған орталық қызметін 11 мыңнан астам адам пайдаланған. Мұндағы WI-FI, коворкинг орталығы, спорттық секциялар, креатив фото-бейне студиясы, би залы және жастар ұйымдары кабинеті тегін қызмет көрсетеді.
Сайлау • 18 Ақпан, 2023
Алдағы сайлауда үгіт-насихат жұмыстары қалай жүргізіледі?
ОСК сайлау алдындағы үгіт-насихат бойынша енгізілген жаңа ережелер жайын тарқатты. БАҚ арқылы үгіт-насихат жүргізуден басқа, онлайн-платформалар арқылы үгіт материалдарын шығаруға болады, деп хабарлайды Egemen.kz.