Жәдігер • 23 Ақпан, 2023
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы көне жәдігерлердің қатарында атақты ақын, әнші-сазгер Басықара баласы Қанапияның шапаны да тұр. Түркістанға тәу етуге киіп барған шапаны екен.
Президент • 23 Ақпан, 2023
Президент «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Өндіріс • 23 Ақпан, 2023
Еліміз пайдалы қазбалар қоры бойынша әлемде жетекші орындардың қатарында. Осы деңгейге сай нарықтағы позицияны нығайтуға тау-кен металлургия кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, минералды-шикізат ресурсын толықтыру мен базалық металдарды дайын өнім түріне дейін терең өңдеу арқылы жететініміз айқын.
Сайлау • 23 Ақпан, 2023
Сайлаудың негізгі кезеңдерімен танысты
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ТМД қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар тобымен бейнеконференция режімінде кездесті. Бұл топ еліміздегі Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық пен оны өткізу мониторингін жүзеге асырады.
Қаржы • 22 Ақпан, 2023
Қор нарығы теңгені қоңдандыра ма?
Жыл басталғалы екінші деңгейлі банктер мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына ерекше ықылас таныта бастады. Қаржы сарапшылары осыған дейін қор, инвестиция нарығындағы ойыншылардың банкпен немесе банктердің олармен интеграциялануға ықылас танытқан кезі аз болғанын айтады. Ең алғашқы белгі 2010 жылдан бері қазақстандық нарықта жұмыс істеп келген «Freedom Holding Corp» тобының шағын ғана «Банк Kassa Nova» АҚ-ны Forte Bank-тен сатып алған кезінде байқалды. Бірер жыл өткенде ол «Банк Фридом Финанс Қазақстанға» айналды. Қазір біздің елде 16 банктің бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар.