Руханият • 24 Ақпан, 2023
Кез келген шығармашыл жанның жүрек түкпірінде бүлкілдеп жүрген бір ойы, яки тақырыбы болса керек. «Бәрін түгесіп, тауысып жаздым» деген ешкім жоқ. Қалам ұстаған әр адамның әйтеуір бір жазары бар.
Өнер • 24 Ақпан, 2023
Біздің Димаш ән айтқанда жаныңыз масайрайды. О, сол дария дауыстың демінен тау дірілдердей, жер теңселердей… Құдайды еске салады. Сенесіз бе, біз бүгінгі өнерге соның биігімен көз тастайтын болдық. Енді үнемі солай бола бермек.
Спорт • 24 Ақпан, 2023
Еліміздегі ең көп Олимпиада жүлдегерлері шыққан ауданды білесіз бе? Ол – қасиетті Құлан өңірі. Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданынан төрткүл дүниеге танылған, төртжылдықтың іргелі додасында көк туды желбіреткен төрт саңлақ шыққанын біреу білсе, біреу білмеуі де мүмкін. «Төртеудің түгелдігі» бүгінде 65 мың тұрғыны бар ауданның абыройын асқақтатып тұр!
Тұлға • 23 Ақпан, 2023
Президент келген кезде кім керек? Қазым Аманқосов. Әулиетада үлкен іс-шара ұйымдастырылса ше? Тағы да Қазым. Әйтеуір қажет кезде Қазымды көрсетуге құмар біздің билік оның «ортекені» билетуге алты жыл уақытын сарп еткенін естен шығарып ала береді. Аз-кем атағы бар демесек, үлкен бір атақтарға да ұсынбайды. Осылайша белгілі суретші, ағаштан түйін түйген қолөнер шебері қалтарыста қалып жүр.
Тұлға • 23 Ақпан, 2023
Қазақтың көрнекті ақыны Ғафу Қайырбеков баласы Бақытқа:«Балам сені осы көп,Айтып жүр ғой жақсы деп,Мен өзім де ойламан,Ақыл сенде тапшы деп. Мен ұлғайған шығармын,Сендегі өмір – жол әсем.Ақындықты бір алдың, Ақылымды көп ал, сен!,» – деп тебірене толғанып, жыр арнапты.