Денсаулық • 26 Ақпан, 2023
Аллергиялық ауруларды асқындырып алмаңыз!
Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Аллергияның алғашқы белгілері: диагностика және емдеу» тақырыбында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас аллерголог дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, «Қазақ иммунодефициттер қоғамы» ҚБ төрайымы Елена Ковзель брифинг өткізді.
Білім • 26 Ақпан, 2023
Елімізде ресми түрде 700 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген екен. Мемлекет тарапынан мүгедектігі бар азаматтарға сапалы білім алу, еңбек қабілеттілігіне сай жұмыс істеу және өзін қоғамның бір бөлігі ретінде сезініп, өмірден орнын табуына жол ашатын түрлі жобалар мен іс-шаралар қарқынды түрде жүргізіліп отыр.
Қоғам • 26 Ақпан, 2023
Ел Президенті ұсынған «Әділетті Қазақстан» – әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуымызда қордаланған мәселелерді еңсеріп, дамудың соны сүрлеуіне түсуге жетелейтін идея. Бірақ оның ішкі мазмұны неден құралады, оны жүзеге асырудың жолы қайсы, тетіктері қандай? Осы сұрақтар бәрімізді мазалайды. Халықтың белгілі бір бөлігінде сенімсіздік бары да жасырын емес. Көкейді тескен көп сұраққа дайын жауап күтіп отырмай, әрқайсымыз өз бетімізше ойлануға, ізденуге тиіспіз. Әсіресе бұл көзі ашық, көкірегі ояу зиялы қауымның, ғалымдар мен педагогтердің парызы.
Қоғам • 26 Ақпан, 2023
Мәдениет және спорт министрлігі биыл 101 кітап басып шығаруды жоспарлап отыр. Оның ішінде 35 аталым қолжазбасы сатып алынған, олар бұрын еш жерде жарияланбаған. Бұл туралы министрліктің әлеуметтік желідегі парақшасында шығатын «Тікелей эфир» айдарында Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Баспа ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет мәлімдеді.
Президент • 24 Ақпан, 2023
Президент Финляндияның Сыртқы сауда министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-фин үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Вилле Скиннариді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.