Сайлау • 27 Ақпан, 2023
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу шеңберінде Маңғыстау облысына инспекциялық сапармен барды. Аймаққа сапарға комиссия мүшесі Шавқат Өтемісов пен Ортсайлауком аппаратының қызметкерлері де қатысты.
Қоғам • 27 Ақпан, 2023
«Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі» дейміз. Олай болса, табиғатпен үндес аң-құс, жануарлар дүниесі, тіпті қыбырлағанның барлығы дерлік – қоршаған ортаның төл перзенті. Бізге дейінгі ғалымдардың еңбегіне, дәлелдеуді қажет етпейтін теорияларға талас жоқ. Мәселе жылдан-жылға қатары азайып жатқан жануарлар дүниесін сақтап қалуда болып тұр.
Сайлау • 26 Ақпан, 2023
Көшпелі кеңесте көтерілген мәселелер
23-24 ақпанда Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Константин Петров пен Сәбила Мұстафина 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу мәселелері бойынша Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарында өткен көшпелі семинар-кеңестерге қатысты.
Әлем • 26 Ақпан, 2023
Ниеті оң Нидерланд инвестиция көлемін арттырмақ
Нидерланд Қазақстанда хаб құрып, ірі халықаралық жобаны жүзеге асырмақ ниетте. Қазір нидерландтық жетекші компания елімізде өндіріс ашу мүмкіндіктерін зерттеп жатыр. Егер үкімет жобаны тиімді деп тапса, аймақтарда бау-бақша, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда қолданылатын жоғары қысымды ылғалдандыру жүйелерін өндіретін өндіріс орны салынады.
Әлем • 26 Ақпан, 2023
Қазақстан Қытай ұстанымын құптайды
Қытай Халық Республикасы Украинаға қатысты ұстанымын жариялады. «Қытайдың Украин дағдарысын саяси реттеу жөніндегі ұстанымы» деп аталатын құжатта 12 тармақ қамтылған. ҚХР-дың осы ұстанымына қатысты еліміздің Сыртқы істер министрлігі түсініктеме беріп, құптайтынын жеткізді.