Президент • 23 Қыркүйек, 2021
Өңірлердің өркендеуі – елдің көркеюі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында дербес мемлекет ретінде тарих сахнасына көтерілгеніне 30 жыл толғалы отырған еліміздің қазіргі сын-қатерлерді еңсере отырып, келешекке сеніммен қадам жасауы үшін бүгінгі басты мақсат-міндеттерді нақтылап берді. Соның ішінде өңірлік саясатты уақыт талабына сай жетілдіруге қатысты міндеттерге басымдық берілуі көпшілік көңілінен шықты деуге болады.
Тәуелсіздік • 23 Қыркүйек, 2021
Қазақстан деп аталар қара шаңырағымыз тәу етер Тәуелсіздіктің 30 жылына қадам басты. Үш онжылдық тарихи өлшем бойынша аса ұзақ уақыт емес. Солай бола тұра, көзі ашық, көкірегі ояу отандастарымыз өткенге үңіліп, жылдар жылнамасын парақтаған сайын жемісті жетістік барын аңғарар еді. Ең алдымен, егемендікке қол жеткізгелі бері ел еңсесін тіктеді. Халықтың әл-ауқаты артып, тұрмысы түзелді. Қысқа мерзім аралығында әлеуметтік дамудың әлеуетті жолын таңдап алдық.
Руханият • 22 Қыркүйек, 2021
Әлеуметтік желінің әуеніне төңкерілген қауым, смайликпен сөйлеуді салтқа айналдырғалы қашан? Бүгінде осы бір домалақ бас белгілерсіз әңгімеміздің әрі кірмейтіндей һәм бойымызға нәрі сіңбейтіндей көрінеді. Кісінің қандай көңіл күймен хат жазып отырғаны теңіздің арғы бетіндегі адамға да әсер етеді. Әсер еткені былай тұрсын, абыржып та қаласыз. Сол арқылы тіпті сөздің энергиясын сезінесіз. Дөңгеленген дүниеде дидарласудың дәмін келтіретін осынау дөңгелек таңба болмаса, доптай домалаған сөздің де сәні болмайды-мыс.
Өнер • 22 Қыркүйек, 2021
Кейінгі кездері ұлттық бейнелеу өнерімізді биікке көтерген талантты тұлғаларымыздың туындыларына зер сала жүріп, олардың шығармашылығы әлемдегі атақты қылқалам шеберлерінен мысқалдай кем еместігіне көзіміз жеткендей болды. Сондай көрнекті суретшінің бірі, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері − Үкі Әжиев.
Қоғам • 22 Қыркүйек, 2021
«Қос қанат құсқа біткен маған бітсе...»
Осы бір өлең сөзі тіл ұшына оралғанда тумысынан мүмкіндігі шектеулі Әлия Хасенова жүйрік қиялдың жетегіне ілесіп көңіл құсы шартарапқа шарықтап кетер еді. Өзі де мөлдіреген жан сезімін өлең жолдарымен өреді. Мөлдір мұңға, асқақ арманға тұнып тұрған жауқазын жырлар жанының жапырақтары іспетті.