Қоғам • 13 Қыркүйек, 2021
Жол апаттарында 90 баладан айырылдық...
Елімізде әрбір төртінші жол-көлік оқиғасы кәмелетке толмаған жеткіншектердің қатысуымен болып жатыр. Өкінішке қарай, жыл басынан бері республика жолдарында тіркелген жол-көлік оқиғалары салдарынан 90 бала қайтыс болып, 1800-ден астам жеткіншек түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.
Президент • 13 Қыркүйек, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында ғылым саласындағы түйткілдердің түйінін тарқату үшін «Ғылым туралы» заңға өзгерістер енгізуді тапсырды. Ғылым саласы даму үшін заңға қандай өзгерістер енгізу керек? Бұған қоса Президент жетекші ғалымдарымызға тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы төлеу мәселесін шешуді міндеттеді. Жауапты ведомство мұны қалай орындамақ? Сондай-ақ Жолдауда ғылым саласын гранттық қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту мәселесін қарастырған жөн екені айтылды. Оның ғалымдарға, ғылымға қандай пайдасы бар?
Тарих • 10 Қыркүйек, 2021
Алматыдағы С.Мұқановтың музей-үйінің экспозициясына академик-жазушының бірнеше бас киімі қойылған. Солардың бірі – құндыз бөрік. Бөріктің жиегі құндыз терісімен көмкерілген. Төбесі қара түсті матамен, астары қара түсті жібек матамен қапталған. Сатып алынған. Екіншісі – жиегі бұлғын терісімен көмкерілген бөрік. Төбесі қара түсті матамен, астары қара түсті қаракөл елтірісімен қапталған. Бөріктің төбесі төрт қиық, әр қиықтың төбеде түйісетін ұштары үш бұрыш тәрізді болып келген. Қолдан тігілген.
Президент • 10 Қыркүйек, 2021
Қазақстан Президенті биылғы Жолдауында пандемиядан кейінгі экономикалық дамудан бастап, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, денсаулық сақтау, қаржы, әлеуметтік, білім-ғылым салаларына айрықша көңіл бөлді, қозғалған маңызды мәселелердің ішінде мемлекеттік тілге де ерекше тоқталып өткенін айта кетуіміз керек.
Тарих • 09 Қыркүйек, 2021
Елордадағы Ұлттық музейдің төрінде биыл туғанына 160 жыл толған атақты күйші, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың қолының табы қалған домбырасы тұр.