Экономика • 27 Тамыз, 2021
Қазір банк біткен сапалы несие портфелін қалыптастыру үшін барын салып жұмыс істеуде. Соңғы бір айда төленбей тұрғанына 90 күннен асқан несие көлемі (NPL 90+) 400,4 млрд теңгеге қысқарған.
Тарих • 27 Тамыз, 2021
Үш мың жыл бұрын құйылған жамбы
Жамбы дегеніміз – көне түрік тілінде «ямбу», яғни құймалы алтын немесе күміс ұғымын білдіреді. Жамбы – ірі қара немесе ұсақ малдың тұяғы мүсіндес болғандықтан, тайтұяқ, қойтұяқ, аттұяқ, асық жамбы, бесік жамбы, түйекөз жамбы, қойбас жамбы, т.б. деп аталған. Жамбының жасалған материалына байланысты: ақ күмістен жасалған болса, «ақ жамбы», алтыннан жасалса, «алтын жамбы» деп те атаған.
Туризм • 27 Тамыз, 2021
Ресейдің белгілі видеоблогері Юрий Дудьтің сұхбаттары шынайы келеді. Бірде Youtube арнасынан актриса Ирина Горбачевамен әңгімесін тыңдап қалдым. Сұхбат барысында актриса өз өмірінде сөзбен айтып жеткізе алмайтын ең ғажайып әсерді Калифорниядағы «Секвоя» ұлттық саябағы мен Қазақ даласынан алғанын айтады.
Қоғам • 27 Тамыз, 2021
Әр өңірде елге еңбегімен, парасатымен танылған, ортаға сыйлы айтулы азаматтар болады. Маңғыстауда Сақып Керелбаев десе оны білмейтін де, құрметтемейтін де адам жоқ. Жастайынан елге қызмет етіп, өңірдің ғана емес, елдің дамуына үлкен үлесін қосқан азамат бұл құрметке лайықты да. 1947 жылы Маңғыстау ауданының Таушық ауылында туған ол – Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын, Алматы Жоғары партия мектебін, Ресейдің Плеханов атындағы мемлекеттік академиясын бітірген экономист, саясаттанушы, менеджер.
Қоғам • 27 Тамыз, 2021
Ақиқатында, көркемөнер адам таңдамайды, ешкімді алаламайды. Өнерге әркім әртүрлі жолмен келеді. Біреулер талантын шыңдап, өнерге қызығушылықпен аяқ басады: қалағанынша еркін айналысады. Енді біреулер әлемге деген іштегі қарсылығын өнер арқылы көрсеткісі келеді. Жанкештілікпен айналысады. Мұндай тағдырлы жандардың қатары көп емес. Әлқисса.