Аймақтар • 30 Шілде, 2021
Құрылысқа құрғақ уәде жүрмейді
Қазіргі кезде Жамбыл өңірінде құрылыс қарқын алды десек те, аталған салаға қатысты бірнеше олқылық анықталып отыр. Аймақтағы аудандар мен ауылдарда салынып жатқан түрлі нысандардағы жөндеу мен құрылыс жұмыстарының орындалу барысы көңіл көншітпейді.
Аймақтар • 30 Шілде, 2021
Естен тандырар есірткіге қарсы күрес пәрменді жүргізілгенімен, оны сатуға тырысатындар қатары азаяр емес. Мәселен, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іздестіру кезінде бірнеше адамды ұстаған.
Қоғам • 30 Шілде, 2021
Ақмола облысы «қызыл аймақтың» құрсауынан шыға алмай отыр. Осындай қысылтаяң кезде адамдардың бірін-бірі қолтығынан демеп, қамқор болуы көңіл демейді.
Экономика • 30 Шілде, 2021
Экономикалық тұрғыда еліміздің басты доноры – Алматы пандемия мен қуаңшылық жағдайында өз тұрғындарын асырауға қаншалықты қауқарлы? «Қыстың қамын жаз ойла» қағидатына сүйенген Алматының индустриялық аймағында азық-түлік өнімдері мен құрылыс материалдарын шығару үшін нақты қандай әрекеттер жүргізіліп отыр? Мәселен, Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында Индустриялық аймақта 8 жаңа жобаны енгізу туралы шешім қабылданды.
Аймақтар • 30 Шілде, 2021
Індеттен жазылғандарға вакцина қажет пе?
Қазіргі таңда күн тәртібінде күйіп тұрған басты мәселе – халықтың денсаулығын сақтап, індет шеңгелінен шығу. Осы ретте Алматыда өткен кезекті брифингте Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман вакцина алмаған азаматтар мен антиваксерлердің жағдайын жүзіп келе жатқан кемеге қауіп төндіретін айсбергпен салыстырды.