Саясат • 27 Шілде, 2021
Өткен жексенбіде болған ауыл әкімдерінің сайлауында 730 орынға 2000-нан астам кандидат болды. Бұл орташа есеппен бір сайлау округіне үш кандидаттан болғанын білдіреді. Бірқатар себеп бойынша ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу – қазақстандықтардың қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру мақсатындағы үлкен қадам.
Саясат • 27 Шілде, 2021
Қазақстанда ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. 14 облыста 1847 сайлау учаскесінде азаматтарымыз өз таңдауын жасады. 730 орынға екі мыңнан астам үміткер өз кандидатураларын ұсынды. Бұл бір орынға 3 үміткерден артық бәсекелестік болғанын білдіреді. Пассивті сайлау құқығын пайдаланудағы бұл белсенділік – халықтың саяси процеске жоғары қатысуының көрсеткіші.
Саясат • 27 Шілде, 2021
Бұл сайлау бірауыздан бәсекелестікке толы болды деп айта аламын. Расымен, осы сайлауда өзін өзі ұсынған азаматтар да баршылық. Партиядан да үміткерлер саны жеткілікті. Тіпті басқа сайлауларға қатыспаған Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан да кандидаттар болды.
Саясат • 27 Шілде, 2021
Ауылда қордаланған мәселенің көп екені белгілі. Өңірлерге іссапар барысында тұрғындар ауызсу, жол, интернет, білім беру, денсаулық сақтау сапасы қалаға қарағанда өте төмен екенін айтып жатыр. Сол кездесулерде мен ауылдағы ағайынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған ауыл әкімдерін сайлау туралы өз ойымды айттым.
Саясат • 27 Шілде, 2021
Саяси реформаның нақты көрінісі
Саяси аренада бірінші рет аудандық деңгейдегі ауыл, кент, қала әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. Республиканың 14 облысының 176 ауданында 730 ауыл әкімі сайланып жатыр, жылдың аяғына дейін 775 әкім сайланады деп күтілуде. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларының нақты, практикалық көрінісі.