Саясат • 27 Шілде, 2021
Әкімдер сайлауы – шын мәнінде үлкен революциялық маңызы бар қадам. Себебі бұл сайлау – бүгінгі биліктің табиғатын, болмысын, құрылымын өзгертетін бірден-бір саяси құбылыс.
Саясат • 27 Шілде, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлау қажеттігін айтқанда көкірегі ояу, көзі ашық адамдардың бәрі елең етіп, Президенттің саяси реформаларына үлкен үмітпен қараған болатын. Енді, міне, егемен еліміздің өркениетті, демократиялық дамуына бағытталған игі бастама ойдағыдай жүзеге асырылып, қоғамда зор өрлеу туғызып отыр.
Туризм • 26 Шілде, 2021
Қостанайлық әуесқой велоспортшылар Науырзым қорығына велосипедпен барып қайтуды жөн көріп отыр. Шараны ұйымдастырып жатқан «Қостанай велоқауымдастығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Қанат Сағымбаевтың сөзінше, саяхатшылар сапар барысында ұзын-ырғасы 440 шақырымды жүріп өтпек.
Аймақтар • 26 Шілде, 2021
Қарағанды облысын газдандыру жобасы 2035 жылға дейін есептелген. Облыс орталығы бойынша 30 мыңға жуық үйді қамтитын 16 іске қосу кешенін салу жоспарда бар. Теміртауда сегіз, Жезқазғанда алты іске қосу кешені қарастырылған. Шахтинск қаласы, Жаңаарқа және Осакаров аудандарын газдандыру бойынша жобалар әзірленді. Қаражал, Жәйрем кенті, Бұқар жырау және Шет аудандары үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Ал биыл Саран қаласында газ құбырының құрылысы басталмақшы.
Спорт • 23 Шілде, 2021
Нәби Қайырды 2007 жылдың 27 сәуірінде дүниеге келген. Кішкентайынан спортқа жаны жақын, әсіресе футбол десе ішкен асын жерге қоятын Нәби 6 жасында футбол секциясына барды.