Әлем • 29 Маусым, 2021
Коронавирус пандемиясы: Кей елде бәсеңдеп, кей елде үдеп тұр
Коронавирус пандемиясы әлі де күшінде. Әсіресе, Үндістаннан табылған жаңа мутация – «Дельта» әлемді әбігерге салатын түрі бар. Қазірдің өзінде аталған штамм шартараптың бірқатар елінен табылып үлгерді. Дегенмен вакцина салдыру бойынша алда тұрған елдердегі эпидемиялық ахуал түзеліп келеді. Соған байланысты карантиндік шектеулер жеңілдетіліп жатыр.
Экономика • 29 Маусым, 2021
Қазақстандықтар жаңа көліктерді белсенді түрде сатып ала бастаған. Арнайы ресми деректер осыны растайды. Статистикаға сүйенер болсақ, мамыр айында сатылған жаңа автокөліктер саны осымен екінші ай қатарынан 10 мың бірліктен асып түскен.
Экономика • 29 Маусым, 2021
Агросекторды қолдау қарқын алады
Елдің агроөнеркәсіп кешенін қолдау әрі дамыту – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің негізгі бағытының бірі. Сондықтан аталған бағыттағы жұмыстар жыл өткен сайын қарқын алмақ. Квазимемлекеттік сектордың халық алдында есеп беруі аясында ел тұрғындарымен әлеуметтік желі арқылы жүздескен холдинг басқармасының төрағасы Айдар Әріпханов осы және өзге де жұмыстар жөнінде баяндады. Сондай-ақ ол холдингтің 2020 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп беріп, алдағы жоба-жоспарлармен таныстырды.
Білім • 29 Маусым, 2021
Аудармасы ала-құла оқулықтан қашан арыламыз?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында оқулықтар мәселесін қозғап, оқулықтардың апробациясын түпкілікті көтеруді тапсырған еді. Десек те жалпы орта білім беру саласы ғана емес, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтардың да сапасы әлі күнге сын көтермейді.
Тәуелсіздік • 28 Маусым, 2021
Тәуелсіздік тарихын тамашалайды
Елбасы кітапханасының музейінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Қазақстандық жол» жобасы іске қосылып, оның алғашқысы астана күні қарсаңында «Арман қала» көрмесімен ашылды.