Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2019
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай тұтастай онкүндік шара өткізу жөнінде шешім қабылдаған еді. Бұл бағытта «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты тұрғындарды ақпараттандыру мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы орайда облыс аталған реформаны қолдау деңгейі мен дәрежесі бойынша елімізде алдыңғы орындардың бірінде екенін айтқанымыз жөн.
Қазақстан • 16 Қыркүйек, 2019
Дүкен Мәсімханұлы: Ынтымақтастыққа оң ықпал еткен сапар
Қазақ пен қытай – жер жаралып, су аққалы бері қарай Азияның шығысы мен кіндік бөлігін ортақ жайлап, бірге жасап келе жатқан халықтар. Тарихтың толқыны бірде толып, бірде ортайып, әртүрлі кезеңді бастан өткердік. Бірақ соған қарамастан Қазақстан өз алдына дербес ел атанғанда алғашқы болып тәуелсіздігімізді таныған мемлекеттердің бірі – Қытай Халық Республикасы.
Қазақстан • 16 Қыркүйек, 2019
Сабақтастық сақталады, байланыс нығаяды
Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барғаны белгілі. Орталық коммуникациялар қызметінде Президенттің осы сапарын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Қазақстан • 16 Қыркүйек, 2019
10 мыңнан астам қандасымыз Қазақстан азаматтығын алды
Биыл жыл басынан бері көрші елдерден тарихи отанына оралған 10,7 мыңнан астам қандасымыз Қазақстан азаматтығын алды. Еліміздің азаматтығын алған қазақтардың дені Өзбекстан елінен келді. Олардың үлесі – 48,5%. Одан кейінгі орында Қытай Халық Республикасынан көшіп келген этностық қазақтар тұр. Олар 36%-ды құраса, Моңғолиядан – 6,2%, Түрікменстаннан – 5,4%, Ресей Федерациясынан – 1,1%, Ираннан – 0,5% этностық қазақтар Қазақстан азаматтығын алды.
Қоғам • 16 Қыркүйек, 2019
Шаужайына оралып әке-шешесінен айрылғысы келмей тұрған шолжаң немересін әжесі әуелі алдаусыратып шақырып алар еді. «Әй, мынаны көрдің бе, дейді қалтасында жүрген умаждалған орамал, түйме, жіп, тарақ секілді мидай араласқан бір уыс заттың ішінен қағазы мыж-мыж болып ақжемделіп, суреті әрең көрінетін ескі кәмпиттің шетін жылтыратып шығарып жатып, жүр, сен екеуміз Күріш апаңның үйіне барып кетпенін сұрап әкелейік».