Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2019
Бүгін есімі елімізге кеңінен танымал көрнекті ғалым, математик, жоғары мектептің білікті ұйымдастырушысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру мен экология, адам және табиғат қауіпсіздігі ғылым академияларының академигі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің ректоры Сәрсенғали Әбдіғалиұлы Әбдіманапов 70 жасқа толып отыр.
Кәсіпқой бокс • 16 Қыркүйек, 2019
Бірінші раундта-ақ сұлатып салды
Қазақтың шойын жұдырық иесі, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов сенбі күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы әйгілі Madison Square Garden аренасында өзінің кезекті жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын бірінші раундтың өзінде-ақ нокаутқа жіберді. Отандасымыз бұл жеңісі арқылы «Елеусіновтің жойқын соққысы жоқ, кәсіпқой бокста жүрген қатардағы қарапайым боксшы» деп сынап жүрген жанкүйерлеріне нақты жауап беріп, өзінің мүмкіндігін көрсетті.
Бокс • 16 Қыркүйек, 2019
Әлем чемпионаты сәтті басталды
Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Дүбірлі додаға 91 мемлекеттен келген 488 былғары қолғап шебері бақ сынауда. Жаһандық жарыстың алғашқы аптасы Қазақстан құрамасы үшін сәтті өтті. Рингке көтерілген барлық боксшыларымыз жеңіске жетіп, ел мерейін үстем етті.
Қазақстан • 16 Қыркүйек, 2019
Нұр-Сұлтанда дүние жүзінің 103 мемлекетінен келген 1002 балуан Олимпиадаға берілетін 108 жолдаманы сарапқа салып жатыр. Өткен сенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионаты басталды. Келер жылы жалауын көтеретін Токио Олимпиадасы қарсаңында ұйымдастырылып отырған жарысқа әлемнің 103 мемлекетінен келген 1002 балуан грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша берілетін 108 жолдаманы сарапқа салып жатыр.
Сұхбат • 16 Қыркүйек, 2019
Ләззат Танысбай: Ұлттық арна назарынан ештеңе де тыс қалмайды
Орталық Азиядағы ең ауқымды медиа оқиға «Astana Media Week» форумы аясында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының жаңа маусымын таныстыру шарасы өтті. Осы орайда «Qazaqstan», «Qazsport», «Tamasha TV», «Balapan» арналарын және «Қазақ радиолары» ЖШС-ына кіретін төрт радионы біріктіріп отырған елдегі ең ірі медиа құрылым – «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Танысбаймен сұхбаттасудың сәті түсті.