Қоғам • 14 Тамыз, 2019
Оқулықтағы олқылық қашан оңалады?
Үш ай үш күндей зымырап, жаңа оқу жылы да жетіп қалды. Осыған орай Білім және ғылым министрлігінің өкілдері оқулықтарды басып шығару жұмыстары аяқталып, оның 40%-ы өңірлерге жеткізілгенін айтты. Сорақысы сол – онда қателер көп. Оқулықтардағы олқылықтар туралы жиі шу көтерілетін біздің қоғамда ең қиыны жауаптылар үшін қате мен қателік сүйекке сіңіп, үйреншікті үрдіске айналып бара жатқандай. Бұл бассыздықтың бітетін күні бола ма?
Аймақтар • 14 Тамыз, 2019
Жастарға жігер берген «Жас кәсіпкер» жобасының шарапаты мол
Бұл жоба байырғы «Бастау» жобасына біршама ұқсас. Мәселен, жаңадан жеке кәсібін бастауға ұмтылған жастарға бағыт берудің, оқытудың құрамдас бөліктері қамтылған. Осы жоба арқылы жас қауым жаңа білім мен дағдыларды үйреніп, жеке кәсіптерін аша алады.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2019
«Кеңесіп пішкен тон келте болмас» дейді халқымыз. Осы орайда биылғы Жастар жылында олардың алдында тұрған проблемалар мен көкейкесті мәселелерді өзара бірлесіп, ақылдасып, кеңесе отырып шешкеннің пайдасы мол. Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес жастардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына ұдайы назар аударып келеді. Кеңес отырыстарында өңірдегі жастардың ресурстық орталықтарының (ЖРО) қызметін қолдауға бағытталған жұмыстарға байыпты ой-пікірлер айтылып жүр.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2019
Шикі сүттің сапасы – ұлт денсаулығын қамтамасыз ететін бірден-бір фактор
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жекеменшік қосалқы шаруашылықтарға қойылатын талап барынша қатаңдатылмақ. Бұл туралы Қазақстанның Сүт одағының (ҚСО) бастамасымен ұйымдастырылған алқалы басқосуда айтылды.
Руханият • 14 Тамыз, 2019
Тарихты тану өзіңнен басталады
Кеше Қазақстанның табиғаты әсем, тарихы тағылымды қасиетті жерлері мен республика аймақтарының рухани-мәдени мұрасымен танысуды мақсат тұтқан 700-ге жуық жас өрен «JASTAR KERÝENI» жобасының аясында 7 бағыт бойынша туристік саяхатқа аттанды. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған белсенді жастар елорда төрінде бас қосып, Есіл өзені жағалауындағы «Амфитеатр» сахнасында айтулы шараның ашылу салтанатына арналған слет өткізді.