Үкімет • 14 Тамыз, 2019
Тапсырмалар уақтылы орындалуы тиіс
Биылғы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ІЖӨ өсімі – 4,2 пайызды құрады. Бұл туралы кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында кеңінен баяндалды. Жиын барысында қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің орындалу қорытындысы шығарылды. Сондай-ақ жаңа 2019-2020 оқу жылына дайындық барысы талқыланды.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2019
Жақында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының кіреберісіне арнайы стелла тұрғызылды. Айшықты белгінің ашылуына қатысып, Қорғалжын қызықтарын көріп қайтқандардың ішінде біз де болған едік.
Әлем • 14 Тамыз, 2019
Өтүкенде қағанға арналған кешен табылды
Халықаралық Түркі академиясы ғалымдары түркінің ежелгі мекендерінің бірі саналатын Моңғолия жерінде жүргізіп жатқан археологиялық қазба жұмыстары барысында тағы да олжалы болды. «Тағы да» дейтін себебіміз, Академия ғалымдары былтыр Керулен өзені аңғарындағы қазба жұмыстары кезінде түркі дәуіріне тән ғұрыптық кешендерді ашқан еді. Биыл «Номгон-2» ғұрыптық кешенінен бірқатар жәдігер тауып отыр.
Қоғам • 14 Тамыз, 2019
Зорлықшыларға қатаң жаза қажет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекке жоспарланған халыққа Жолдауында педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктелетінін жариялады. Міне, осы Жолдаудан кейін зорлықшыларды атқа теріс мінгізу басталатыны анық.
Қоғам • 14 Тамыз, 2019
Ономастикалық атаулар бірізділікті талап етеді
Ономастикалық атаулар, оның ішінде еліміздің жер-су атаулары, аты-жөндеріміз – ұлттық-тілдік және мемлекеттік бірегейлігімізді айқындайтын басты факторлардың бірі. Тәуелсіздік алған жылдардан бері ономастикалық атаулардың мазмұнын ұлттандыруға бағытталған қыруар іс-шаралар атқарылғандығы белгілі. Енді латын әліпбиі енгізілген сәттен бастап мыңдаған, жүз мыңдаған ономастикалық атауларымыз кең халықаралық, әлемдік ақпараттық кеңістіктегі айналымға енгелі отыр. Осы орайда еліміздің жер-су атауларын латын әліпбиінде таңбалау, сондай-ақ шеттілдік географиялық атауларды қазақ тілінің жаңа әліпбиінде жазу және төл антропонимдік жүйемізбен қатар, шеттілдік есімдерді таңбалау мәселесі өзекті болмақ.