Қоғам • 09 Тамыз, 2019
Медиация – азаматтық қоғамның жаңа сатысы
Медиация дауды шешудің заманауи тәсілі ретінде оң нәтижесін көрсетіп келеді. Алайда, халықтың еліміздегі медиаторлар туралы хабары аз. Жанжалды шешудің балама тәсіліне еңбек, отбасы, адам құқықтарының сақталмауы сияқты мәселелерде жүгіне алатынын бірі білсе, бірі білмес. Медиаторлар кімдер, олардың қоғамға пайдасы қандай?
Аймақтар • 09 Тамыз, 2019
Мәслихаттар өз міндетін атқарып отыр ма?
Азаматтық қоғамды қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын маңызды орган – сайланбалы жергілікті өзін өзі басқару мекемелері. Яғни, біздіңше мәслихаттар. Соңғы әкімшілік реформалар жергілікті билікке елеулі өкілеттіктер берді. Дегенмен мәслихат депуттары өз құзыретін толық пайдаланбай, тағайындалатын әкімдерге тәуелді деген сын аз емес. Оның себебі неде?
Руханият • 09 Тамыз, 2019
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – «Мәдени мұра» және «Халық – тарих толқынында» сияқты іргелі бағдарламалардың заңды жалғасы ретіндегі Мәңгілік ел мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін көрсетіп берген тұжырымдамалық құжат.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2019
Таңбалытас тағдыры толғандырады
Маң дала маңғаз қалпынан жаңылмай көсіліп жатып алды. Ұшы-қиыры жоқ ұлан далада біз бабалар ізін іздеп келе жатыр едік. Баялышты, қара жусанды, қызыл изенді, жуалы жазықтың жұпар иісі бас айналдырады. Алдымыздан оқта-текте орғытып ор қоян өтеді. Қарсақ жолымызды кес-кестейді. Кешегі қойдай өріп жүрген киіктерді, ақбөкенді бүгін емге таппайсыз.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2019
Табиғи сүт өнімдерін өндірудің тауқыметі
Көкшетаудың сауда сөрелерінде көршілес облыстардың, іргедегі Ресейдің сүт өнімдері сыңсып тұр. Басым бөлігі құрғақ сүттен жасалған. Облыстағы малсақ қауымның бағымындағы 420 мың бас қара малдың 16 пайызға жуығы ғана асыл тұқымды.