Сұхбат • 05 Шілде, 2019
Рүстем Әбдіраш: Заң отандық киноны өрге сүйрейді
Қазақстанда кинематография бар, бірақ киноиндустрия жоқ. Бұл сөзді соңғы жылдары жиі естіп жүрміз. Мұны киноөндірістің дамуына қарлығаштың қанатындай су сеуіп жүрген мамандар кино саласында біркелкі жүйенің болмауынан деп түсіндіреді. Міне, осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында биыл қаңтар айында үш жыл бойы әзірленген «Кинематография туралы» Заңға Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қол қойды. Заң қабылданған мерзімнен бері де жарты жылдай уақыт өтті. Кино әлемінде нендей өзгерістер мен жаңалықтар болып жатқаны туралы ойын білмек ниетпен еліміздің озық режиссерлерінің бірі, суретші, сценарист Рүстем Әбдірашты әңгімеге тартқан едік.
Руханият • 05 Шілде, 2019
Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіріп, ортақ бір мүддеге һәм ұлы мақсатқа жетелейтін рухани күш – әдебиет болса керек. Әлімсақтан белгілі бұл тәмсілді сөз жүзінде айтқанымызбен, көп жағдайда көз жеткізе бермейміз. Десек те Арқа төсінде әлем қаламгерлерінің мәре-сәре болып, әңгімелесулерін көргенде әлгінде айтқан тәмсілдің мағынасына терең бойлап, тілі бөлек болғанмен, тілегі бір жандардың әдеби атмосферасын сезінесің.
Президент • 05 Шілде, 2019
Адам капиталын дамыту алқалы жиынның темірқазық тақырыбы болды
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 32-ші жалпы отырысы өтті. Алқалы жиынға қатысушылар елдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға байланысты проблемалық мәселелерді тиімді шешудің жолдарын қарастырды.
Қоғам • 05 Шілде, 2019
Жастардың жылы жемісті болуы тиіс
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап жастардың дамуына мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетіліп келеді. Бұған дейін жүзеге асқан жобалардың ішінде «Болашақ» бағдарламасы, «Дипломмен – ауылға!», «Жасыл ел», «Жастар тәжірибесі», «Серпін-2050» сынды бағдарламалар біршама оң нәтиже берді. Биылғы Жастар жылында да ауқымды шаралар жоспарланып, ұзақмерзімді бастамалардың тұсауы кесілді. Жастар жылын өткізуге арналған Жол картасында жастарды қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз етіп, білім көкжиегін дамытуға жол ашып, жұмысқа орналасу мәселесін оңтайландыру, кәсіпкерлікпен айналысуына жол ашу сынды міндеттер жан-жақты қарастырылған.
Аймақтар • 05 Шілде, 2019
Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Ресейден келген жастарымыз облыс орталығындағы С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университет пен педагогикалық университеттің, Инновациялық Еуразиялық университеттің «Foundation» деп аталатын дайындық бөлімдерінде оқып жүр. Биыл шетте тұратын қазақ жастары үшін бөлінетін гранттар саны екі есеге артып, келетін талапкерлер қатары көбеймек.