Қоғам • 11 Маусым, 2019
Ене мен келін етене жақын болса
Бүгінгі таңдағы ене мен келін арасындағы қарым-қатынас жайлы әрқилы жағымсыз пікірлер айтылып жүр. Бұл жай ғана отбасы, ошақ қасының мәселесі болып көрінгенімен, өз кезегінде ұлттық болмысымыздың бояуын солғындата түсетін мәселе екені бесенеден белгілі.
Аймақтар • 10 Маусым, 2019
47 мың тұрғын атаулы көмекке қол жеткізді
Шығыс Қазақстанда жыл соңына дейін 45 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алады. Бұл мақсатта республикалық және облыстық бюджеттен 7,1 млрд теңге қаржы бөлініпті. Биыл бес айда өңірдің 47 мың тұрғыны атаулы әлеуметтік көмекке ие болды. 25-31 мамыр аралығында аймақтағы 625 отбасы (2474 адам) атаулы көмек алуға өтініш білдірді. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға орай арнайы жиын өткізген облыс әкімі Даниал Ахметов 625 отбасына АӘК 15 маусымға дейін төлену керектігін тапсырды.
Аймақтар • 10 Маусым, 2019
Текей батыр мазарын табуға септескен карта
Мына суреттегі картаны тарих қойнауының XVIІI-XIХ ғасырларын зерттеуге маманданған тарих ғылымдарының кандидаты Жәнібек Исмурзин Мәскеу мен Петербор архивтерін ақтарып жүріп тауып алыпты. Картада сол кезеңдегі жер-су атаулары ыждағатпен белгіленіп, анықтап жазылыпты. «Ұлы даланың ұлан-ғайыр жерін құжаттап, қағазға түсірген отаршылдық пиғылдың да қазақ ұлтының бүгініне қызмет ететіндігін ұғындым», деген Ж.Исмурзиннің қолына түскен бұл жәдігер бізге Тәуке ханның қолбасшыларының бірі болған Қарпықұлы Текей батыр туралы баға жетпес мәлімет бергенімен құнды болып отыр.
Спорт • 10 Маусым, 2019
Айбек Нұғымаров – екі дүркін «Қазақстан барысы»
Өткен сенбі күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» мұз айдынында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен IХ «Қазақстан барысы» турнирі өтті. Еңселі елордамыздың төрінде тоғызыншы рет ұйымдастырылған айтулы додада, еліміздің ең мықты деген 36 балуаны бақ сынады. Жалпы, биылғы жарысқа 37 балуан қатысуы керек болған. Алайда былтырғы «барыс» Ержан Шынкеев спорттық ғұмырын аяқтап, жолын жастарға беретінін мәлімдеген еді.
Сайлау • 10 Маусым, 2019
Жарқын болашақ үшін дауыс берілген тарихи күн
Еліміздің алдағы даму бағдарын айқындауда үлкен маңызға ие Президент сайлауы демократиялық үрдіске сай таза әрі әділ өтті. Осынау саяси науқанға сайлаушылар аса жауапкершілікпен қарап, бір кісідей өз таңдауларын жасады.