Қоғам • 12 Маусым, 2019
Шетелдіктерге қазақ тілін үйрену қиын ба?
Әлемде ағылшын тілін қолданушылар қатары жыл санап артып келеді. Осы бір «ғаламдық тілдің» өрісі ағылшындар арқылы ғана емес, өзге ұлттардың да меңгеруі нәтижесінде кеңейді. Осыдан-ақ айқын аңғаруға болады: қазақ тілінің аясын ұлғайту – ана тілі немесе мемлекеттік тіл болғандықтан білетіндердің ғана емес, шет тілі ретінде үйренуге ден қоятындардың қолында.
Президент • 12 Маусым, 2019
Президентті айқын жеңісімен құттықтады
Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Руханият • 11 Маусым, 2019
«Ел аман, жұрт тыныш болсын!» – дейді тоқсанның алтауындағы Тұрсынбала Әбдіраманова
Бүгінде Алматыда тұратын 96 жастағы Тұрсынбала Әбдіраманова өмірдің сан бел-белесінен өткен, адал қызметімен талай биікке жеткен жан. Олай дейтініміз, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы Хантауының баурайында дүниеге келген ол кісінің бүкіл ғұмыр жолы өнегеге, жалпыға қуаныш әкелген жақсылыққа, жағымды істерге толы.
Қоғам • 11 Маусым, 2019
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы аса қауіпті кеселдің бірі. Әсіресе күн жылынып, жаз шыға бастағанда бұл дерттің асқына түсетін әдеті. Кәдімгі кене шағудан басталатын қызбаның соңы адам өліміне дейін апарып, қайғылы жағдайға ұшыратады.
Руханият • 11 Маусым, 2019
Алматыда А.Затаевичтің 150 жылдығы аталып өтті
Қазақ халқының көл-көсір музыкалық мұрасын жинақтап, әуені мен ән-күйін нотаға түсіріп, терең таныммен тарихын жазып беріп кеткен белгілі зерттеуші композитор, этнограф Александр Затаевичтің есімі ұлтымыз үшін ерекше қастерлі.