Президент • 13 Маусым, 2019
Уақыт талабындағы тағдыршешті сәт
Сәрсенбінің сәті. Екі-үш күн қатарынан тұнжырап тұрған елорда көгі шайдай ашылып, шуақты күн жарқырап кетті. Тәуелсіздік сарайын лық толтырған жандар мен теледидар алдында отырған тікелей эфирді тосқан отандастарымыз ел тарихындағы ерекше саяси оқиғаны асыға күтті. Олар – еліміздің тарихындағы екінші Президенттің ант беру рәсімінің куәгерлері еді.
Президент • 13 Маусым, 2019
Қ.Тоқаевтың ҚР Президенті қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзі
Аймақтар • 12 Маусым, 2019
Жиренқопа жырақта емес, жүректе
Жиренқопа жері, мұндағы Қобыланды батырдың мемориалдық кешені Қазақстанның 100 киелі жері тізімінің белортасынан орын алады. Қалың тарихымыз тұмшаланған кеңестік кезеңде Қобыландының есімі халық зердесінде тек эпостық-фольклорлық образ ретінде сақталғаны ғана мәлім. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін отандық тарихшы-ғалымдар Қобыланды халық ауыз әдебиетіндегі шартты түрдегі кейіпкер емес, нақты тарихи тұлға екенін дәлелдеп берді. Толыққанды әрі терең зерттеулер хас асылдың тарихи бітім-болмысы мен батырлық баянын нақты деректермен байыта түсуге септігін тигізді.
Аймақтар • 12 Маусым, 2019
Былтыр жазда Тарбағатай ауданының Елеке сазы жайлауынан тоналмай, бүтін күйінде сақталған Алтын адам табылған еді. Енді, міне, тура бір жыл өтер-өтпес уақытта, нақтырақ айтсақ, 9 маусымда облыс орталығы – Өскеменнің іргесіндегі Ұлан ауданы аумағындағы қола дәуіріне жататын Ақбауыр үңгірінің жанынан сақтардың қонысы табылды.
Аймақтар • 12 Маусым, 2019
Жаңа мазмұндағы жауһар туындылар
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры 85 жылдық мерейтойының құрметіне орай барлық алматылықтар мен қала қонақтары үшін «Опера және балет фестивалін» ұйымдастырды.