Үкімет • 12 Маусым, 2019
Үкімет бес айдың қорытындысын қарады
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы қаңтар-мамыр аралығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары қаралды.
Аймақтар • 12 Маусым, 2019
Қауіпсіз орта – бала өмірінің кепілі
Үлкендерден «бала сынап сияқты, көзіңнен таса қылсаң оқыс жағдайға ұрынып қалуы әбден мүмкін» деген сөзді жиі естиміз. Әлеуметтік желінің белсенділігі артып, ақпарат қолжетімді болғалы жазатайым жағдайға тап болған балаларды күнделікті көріп, жаның түршігіп отырады. Елімізде күн сайын орта есеппен кемінде 3 бала оқыс жарақат алудан қайтыс болса, 75 бала емханаға түседі екен. 2016 жылы жарақат алған 992 бала қайтыс болса, 2017 жылы 1257 жасөспірім қыршын кеткен. Мамандар жарақаттанудың 74 пайызы тұрмыстық жағдаймен байланысты екенін, 22-23 пайызы далада ойнап жүрген кезде болатынын айтады. Ал жол-көлік оқиғасынан қаза болатын балалардың саны Еуроодақ елдерімен салыстырғанда 3 есеге дейін көп. Ендеше балаға қауіпсіз орта қамтамасыз ету үшін тек ата-ана жауапкершілігін арттырумен шектелеміз бе?
Руханият • 12 Маусым, 2019
«Жүз жылдық жылнама» — тарихтың түпнұсқасы
«Егемен Қазақстан» – ел газеті ғана емес, ұрпақ бағдаршамы, ұлт шежіресі деуге болады. Оның бетінде жарық көрген әрбір әріп – ертеңгі тарих, өткенге өнеге. Кеше елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Жүз жылдық жылнама» атты 5 томдық жинақтың тұсаукесерінде айтылған осы тақылеттес ойлар бізді біраз жайға қанық етті.
Аймақтар • 12 Маусым, 2019
Жылқышы құрығын, шопан таяғын ұстап қалмасын
Қазір ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан берілетін жеңілдік көп. Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалының директоры Мұхтар Әлімханұлы биылғы қаржыландырудың негізгі бағыттары анықталғанын айтты.
Аймақтар • 12 Маусым, 2019
Шаруалардың техникасы қашан жаңарады?
Ақмолалық диқандар биылғы көктемгі дала жұмыстарын сәтімен аяқтады. Істің аяқсыз қалмауына шаруаларға тың технология қолғабыс етті. Қуантарлығы, заманауи қондырғы қазақ елінде де жинақтала бастады.