Руханият • 27 Мамыр, 2019
Ербол Шаймерденов атындағы аудитория ашылды
Саналы ғұмырын Қазақстан баспасөзі мен мәдениетіне, тіл саласының өркен жаюына арнаған белгілі ақын, публицист Ербол Шаймерденов тәуелсіздік кезеңінің куәгері ғана емес, жаңа заманды өз қолымен жасауға қатысқан ұлт руханиятының қайраткерлері қатарында есімі ұмытылмақ емес.
Сайлау • 27 Мамыр, 2019
Үгіт-насихат жұмыстарының екінші аптасы аяқталды
Елімізде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының екінші аптасы қорытындыланды. Бұл апта айтарлықтай іс-шаралармен есте қалып, кандидаттардың бағдарламасына жан-жақты қаныққан жұрттың қатары арта түсті.
Қоғам • 27 Мамыр, 2019
Бүгінде еліміздегі жоғары білім беру жүйесінде күрделі реформалар жүзеге асырылып, оқу үрдісіне жаңашылдықтар енгізілуде. Әлем санасатын, халықаралық аренаға еркін кіріге алатын мықты кадрлар дайындау қажеттілігі күн тәртібіне шықты. Осы тұста еліміздегі екінші білім ордасы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жаһандық бәсекелестіктің жаңа деңгейіне көтерілу жолындағы мақсат-міндетті орындауға күш салып келе жатқанын айта кету керек. Қазіргі таңда ҚарМУ қарым-қабілеті, білім-біліктілігі терең, ағылшын тілін еркін меңгерген, әлемдік деңгейде ой қорыта алатын жас ғалымдар қатарын арттыру мақсатымен біршама ауқымды жұмыстарды еңсеру үстінде.
Спорт • 27 Мамыр, 2019
Таяуда ғана Англияның Манчестер қаласында таэквондодан әлем чемпионаты аяқталғаны мәлім. Бас-аяғы бес тәулікке созылған ерлер мен әйелдер арасындағы бәсекелер барысында 16 жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Тұманды Альбион елінде алғаш рет ұйымдастырылған айтулы жарысқа жер жаһан жанкүйерлерінің назары ауды. Өйткені 2020 жылы Токиода алауы тұтанатын Олимпия ойындарына қай команданың қандай даярлықпен келетінін дәл осы байрақты бәсеке барысында анық аңғаруға болады.
Руханият • 27 Мамыр, 2019
Аһ, Пушкин! – Александр Сергейұлы. Дүниеге бір келе қалған ерек те бөлек жан – Құдайдың сүйген құлысың ғой! Кержақтар қызғаныштың қызыл отынан, құқайлар қара бастарының қамынан – сені көре алмады. Ақыры... өлтіріп тынды. Бірақ, рухың өлмейді. Жұлдызды жолың өшпейді.