Руханият • 28 Мамыр, 2019
Кино • 28 Мамыр, 2019
Шығыс ертегілерін сүйіп оқитын оқырман үшін «Аладдин» ертегісіне деген қызығушылық бір сәт те бәсеңсіген емес. Әйгілі «Мың бір түн» жинағына енген айтулы хикаяның даңқы жылдар алға жылжыған сайын тіпті асқақтап, тек араб елінің емес, жаһанға ортақ жауһарға айналып үлгергені қашан!
Қоғам • 28 Мамыр, 2019
Ағашты еге жүріп, кесетін жұртпыз...
Көктем шыға ел аймақтарында әлсін-әлсін орман өрті болғаны жайлы хабар естіліп қалады. Ал қалаларда азаматтардың ағаш егіп жатқаны жайлы ақпараттар құлаққа жетіп жатады. Бірі жағымсыз, бірі көңіл сергітеді. Бұл жайт біздің экологияға қатысты ұстанымдағы қайшылықтардың көрінісі тәрізді.
Медицина • 28 Мамыр, 2019
1882 жылы алғаш түстеп жазған француз дәрігері Гоше атымен ғылымға енген бұл ауру генетикалық сырқатқа жатады. Лизосомдық жинақтаушы аурулар тобына жататын тұқым қуалайтын 50 дерттің бірі. Адам ағзасында лизосом ферменттерінің генетикалық жетіспеушілігінен түрлі органдар мен тіндерде макромолекулалардың жинақталуына әкелетін аурудың диагнозын дер кезінде қойып, қажетті фермент берілмесе, мұндай пациенттердің жағдайы өте ауыр. Жас өскіннің көктей солуы мүмкін.
Медицина • 28 Мамыр, 2019
Сержан Әбдешов, акушер-гинеколог: Ана мен бала өміріне жауапты болу оңай емес
Елордадағы алғашқы перзентхана саналатын №3 Перинаталдық орталық 50 жылдан астам уақыт тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Мұнда жылына орта есеппен 8200-дей бала жарық дүние есігін ашады. Сержан Әбдешовтің бұл перзентханада акушер-гинеколог болып жұмыс істеп жатқанына екі жылдан асқан. Біз стационардың күндізгі тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында перзентхананың бөлімшелерін аралай жүріп, Сержаннан осы салаға келу тарихын, жұмысының қиындығы мен қызықшылығы жөнінде сыр тарттық.