Қазақстан • 23 Сәуір, 2019
БЖЗҚ: 82 млрд теңге қайда кетті?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 82 млрд теңге жоғалды. Алыпқашпа сөз деп алғашында мән бермеген оқиғаны factcheck.kz порталы растады. Тіпті қайда кеткенін қолмен қойғандай түсіндіріп берді. Зейнетақы салымының динамикасындағы өзгерістерге «68,8 млрд теңге – валюта бағамындағы өзгерістерден, 12,3 млрд теңге құнды қағаздардың бағасын асыра бағалағандықтан жоғалған» деген баға берілді. Олар сонымен бірге қордан қаржының кенеттен жоқ болып кету жайттары жылдың алғашқы екі айы үшін қалыпты құбылыс екенін айтады. 2017 жылдың алғашқы екі айында 89,4 млрд теңге, 2018 жылы 75,9 млрд теңге кем шыққан. Ол кезде бұл жағдайға ешкім мән бермеген көрінеді. Сарапшылар да қор ішіндегі инвестициялық динамикадағы өзгерістерді қалыпты жағдай деп қабылдапты.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2019
Ежелгі Ерейменнің аруақ қонып, нар шөккен киелі жерлері көп. Соның бірегейі Бөгенбай батыр сөресі Ақсу кентінің шығыс жақ бетінде шамамен жиырма шақырымдай жердегі Бөгенбай елді мекенінен төрт шақырым қашықтықтағы қыраттың үстінде.
Қоғам • 23 Сәуір, 2019
Ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қайраткер Хайдар Арыстанбекұлының туғанына – 100 жыл
«Адамгершілік – білім берудің алтын қазығы» деген сөздің түп мағынасы терең. Адамгершілік – рухани тәрбие. Ол адам бойындағы асыл қасиет. Бұл адамды мейірімділікке, Отанын, отбасын сүюге, елге адал қызмет атқаруға үйретеді. Біз халықтың нақыл сөзінен сусындаған, аталар сөзімен өсіп-өнген, даналар өсиетінен тәрбие алып, ұлылар өнегесіне тағзым еткен халықтың ұрпағымыз. Елге еңбегі сіңген, халқына қалтқысыз қызмет еткен, адамгершілігі мен парасаты мол азаматтың бірі – Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге мол үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ұстаз-ғалым, академик Хайдар Арыстанбекұлы болатын.
Әлем • 23 Сәуір, 2019
Сұлтан Бейбарыс мешіті қайта жаңғырады
Мысыр астанасы Каир қаласындағы ең ірі екінші мешіт – Сұлтан Бейбарыс мешіті. Бұл тарихи ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары жандана түспек. Жақында еліміздің Сыртқы істер министрлігі Мысыр үкіметі осы жобаға 181 миллион фунт бөлгенін хабарлады.
Әлем • 23 Сәуір, 2019
Кейінгі кезде автономды қарулардан қауіптенген ғалымдар дабыл қағуда. Елордада өткен «Өлім қаупін туғызатын автономды қару жүйесі: алдын ала тосқауыл қою» атты аймақтық конференцияда осы мәселе кеңінен талқыланды.