• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
25 Тамыз, 2016

Қауіпсіздік қағидасы

521 рет
көрсетілді

«Адамзат баласын ядролық қауіптен құтқаруға шешуші үлес қосатын жаһандық деңгейдегі антиядролық қозғалыс құру – біздің парызымыз», – деді Н.Назарбаев «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядросыз әлемге» атты халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде. Жиырмасыншы жүзжылдық аяқталып, адам баласы «Атом ғасыры» және «Экология кезеңі» аталып жүрген ХХІ ғасырға аяқ басты. Жер ғаламшары өзінің берік дамуында алғашқы қадамдарын сәтті жасады. Ал біздің мақсатымыз – табиғат байлықтарын сақтау және оның мүм­кіндіктерін қазіргі және бола­шақ ұрпаққа аманат ету. Жалпы, адамзат ба­ласы иондық радиацияның сал­дары туралы ХХ ғасырдың қырқыншы жылдары Хиросима және Нагасаки қала­ларына тасталған ядролық бомба жарылысынан кейін біле бастады. Біраз уақыт өткен соң Чернобыль апаты орын алды, одан кейін Семей полигоны да құпия болмай қалды. Қазіргі уақытта ядролық траге­дияның жаралары жазылып келеді, сынақтарға қатаң түрде тыйым салынған. Алайда, 1945 жылы тамызда жапондық Хиросима және Нагасаки қалаларында болған жағдай жан түршіктірді. Ондаған мың бейбіт тұрғын бір сағат ішінде күл­ге айналды, бірнеше ұрпақ сәуле ауруымен қиналды, қа­лада ірі шұңқырлар пайда болды. Екі миллионға жуық адамды қайғы-қасіретке бөктірген Семей полигонының жабылғанына жақында 25 жыл болады. Сөйтіп, жарты ғасырға жуық жарылыстардан зардап шеккен Қазақстан жерінде ядролық қаруды сынақтан өткізуге соңғы нүкте қойылды. Поли­гон зардабын тартып, ядро­лық қарудан пайда болған қай­ғы-қасіреттен көз ашпай келген хал­қымыз бұл бастаманы зор риза­шылық сезіммен қабыл алды. Семей полигонындағы жарылыс­тар халқымыз үшін орны толмас ауыртпалықтар әкелді. Жабылып, үні өшсе де талай адамды шырмауына батырып, талай ұрпақты құрбандығына айналдырған жарылыс дүмпуі әлі алыстап кете қойған жоқ. Қы­рық жылдан аса уақыт Семей хал­қы­ның санасын улап, жанын жара­лаған бұл қасіреттің зардабы күні бүгінге дейін сезілуде. Бүгінде әлем ғалымдары Се­мей полигонының жарылыс қуа­ты 1945 жылы Хиросимаға тас­тал­ған бомбаның қуатынан 2,5 мың есе­ге асып түседі деген тұжы­рым жасау­да. Ауада және жер астын­да 500 шамасында ядролық жа­ры­лыс жасалғаны ақиқат. Жа­ры­лыс зар­дабы­ның құрбаны бол­ған халық­тың жарым көңілі әлі де күпті. Жарым­жан бала, өрім­дей жастар­дың өлімі қабырғаны қайыс­тырып-ақ тұр. Тәуелсіз мемлекет болғалы бері полигон аймақтарында тұратын және сол өңірде туып-өскен, сол уақыт­­тарда тұрып, өмірлік мұқтаж­дықпен еліміздің басқа өңіріне қоныс тепкен халыққа көмекті күшейтсек жөн болар еді. Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы за­ңы әлі күнге дейін толық шеші­мін таппай отыр және де ол заң полигонының зардаптарын, себеп-салдарын, тауқыметін толық шешуге қауқарсыз. Бұл Чернобыль және Жапонияның заңдарының деңгейіндей жетілмеген. Осының өзі-ақ Семей ядролық полигонынан зардап шеккендердің әлеу­мет­тік мәселесі қайта қарауды қажет­сінетінін байқатады. Семей полигонының 2 миллион­ға жуық халықты, 304 мың шаршы километр ауданды қамтуы мың­даған отан­дас­тарымыздың өміріне зардабын тигізді, туған жерімізді табиғи апатқа ұшыратты. Семей полигоны аймағындағы жарылыстардың 160-ы атмосферада жасалды. Сондықтан бұл аймақ ға­лам­дық ауқымдағы экологиялық апат аймағына жатады, оның кейбір бөліктері әлі де сағатына 3-5 микрорентген сәулесін көрсетеді. Жапондық ғалымдардың Семей елінің төзімділігіне, халқының жаны­ның сірілігіне амалсыз бас шай­қауға мәжбүр болғаны әлі есте. Әуелде Семей полигоны аймағын мекен­деген халықтың әулеметтік жағ­дайына аса мән берілмеді. По­лигон аймақтарын тазартуға жөн­ді қаржы бөлінбеді. Ал жалпы ғалым­дар аймақтың радиациялық қауіп­тілігі 24000 жылға созылады деген тұ­жы­рым жасауда. Соңғы кезде Қа­зақ­стан Республикасы Ұлттық яд­ро­лық орталығы Ядролық физика инс­­ти­тутының директоры болған Қай­рат Қадыржанов, полигон ай­мақ­тарын архипелагқа айналды­рып, халық шаруашылығының қа­же­­ті­не жаратуға болатынын жиі айтып жүр. Өз басым полигон аймақтарын халықтын мүддесіне пайдалануға қарсымын, мұны қолдамаймын да. Себебі біз халыққа жарылыс зардаптарын, жарылыстың заң­ды­лықтарын, жарылысты зерттеу нәти­желерін әлі де ашық көрсете алмай жүрміз. Ал Президентіміз Н.Ә.Назар­баевқа ризамыз, ол өзінің саяси ерік-жігерімен әлем­дік тәжірибеде тұңғыш рет поли­гонды жауып, біз­дің рес­пуб­ликамызды ядролық дер­жа­валар құрамынан ерікті түрде шығарды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назар­­баев­тың Вашингтонда өткен Яд­ролық қауіпсіздік жөніндегі самми­тте сөйлеген сөзінде: «Жаңа ғасыр оқиғаларының талпы­нысы қауіпсіздіктің ескі механизм­деріне жаңа көзқараспен қарауға мәж­бүрлеуде. Соның ішінде ядро­лық  ел­дерді басқарушы саясаткерлер тобы жаппай қырып-жою қаруын алдын ала жоспарланған жағ­дай­ға алып келе алды ма? Ядро­лық тех­нологияларды тиімді бақы­лау, сонымен қатар, егемен елдер­­дің бейбіт мақсаттағы атом өндірі­сін дамытуға қалай кепілдік беруге болады? Ядролық салада алдам­шы емес, шынайы теңдікті қалай ор­нату­ға болады? Ядролық қаруды таратпау мәселесінде дипломатияның шешім қабылдау деңгейі қандай? Менің ойымша, осы және басқа мәселелер Вашинг­тондағы келесі Ядролық қауіпсіздік сам­митін­де ашық және маңыз­ды талқы­ланатынына сенімді­міз. Ядролық державалар клубының бақы­лау­сыз нығаю қауіптілігі – ХХІ ғасыр­дағы ең күрделі мәселе­лер­дің бірі. Егер халықаралық қауым­дас­тық саяси еркіндікті тыймаса, ядро­лық қаруды иеленуші ел­­дердің қата­ры көбейіп, бұл қай­тарым­сыз сал­дар­ларға алып келуі мүмкін», – деді. Астана қаласында тұрып жат­қан, полигонның зардабын тартқан азаматтардың мәселесін шешу үшін 2007 жылы «Семей-ЯП» қоғам­дық қоры  құрылған еді. Қор­дың нақ­тылы алынған тізімі бойын­ша Астана қаласында 5 мың­ға жуық адам, ал жорамал бойын­ша 200 мың­ға жуық Семей поли­го­нынан зардап шеккендер тұрып жатыр. Үкімет тарапынан олар соғыс мүге­­дектерінің госпита­ліне тіркел­ген, бірақ бұл емдеу орта­лы­ғының мүм­кіндіктері әзірге шектеулі болып тұр. Болатбек ӘБДІКӘРІМ, «Семей-ЯП» қоғамдық  қорының төрағасы АСТАНА