• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
07 Қазан, 2016

Ұлыбритания Парламенті өкілдерімен кездесті

334 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Парламентінің Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі жалпыпартиялық парламенттік топ делегациясымен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Дәл осы құрамда Қазақстанға алғаш рет іссапармен келген меймандарды Қауымдар палатасының депутаты Гизела Стюарт бастап келді. Н.Нығматулин жылы жүз­десудің еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өтіп жат­қанына назар аудара келіп, Ұлыбритания Қазақстанның маң­ызды саяси әрі экономикалық әріп­тесі екенін атап өтті. Мәжіліс Төрағасының пікі­рін­­ше, біз­­дің еліміз келешек­те де Біріккен Ко­­роль­­­дікпен сауда-экономикалық қаты­нас­ты одан әрі тереңдетуге ниетті. Өткен жы­­лы қос мемлекет арасындағы сауда айна­лымы 1,2 млрд АҚШ долларын құрады. Палата Төрағасы меймандарға елімізде жүзеге асырылып жатқан Қазақстан Президентінің бес институттық реформасы және оны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында әңгімеледі. Кездесу барысында мәдени-гу­ма­нитарлық, халықаралық қа­ты­­настар мәселесі де назардан тыс қалмады. Әсіресе, терроризм мен экстре­мизмге қарсы күрес, көші-қон және босқындар жағдайына көңіл бөлінді. Парламентаралық байланыс мәселесіне келгенде Н.Нығ­матулин қазақстандық парламент­шілердің британдық әріптес­терімен ынтымақтастық жөніндегі топтар мен бейінді комитеттер арқылы сапарлар жасап, тәжірибе алмасуға, заң-шығармашылық әріптестікті күшейтуге ынталы екендіктерін жеткізді. Тараптар аталған кездесудің қос мем­лекеттің заңнамалық ор­ган­дары ара­сындағы ықпалдас­тықты нығайтуға серпін беретініне сенімді.