• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
07 Қазан, 2016

Жаңа министрлік қысқа мерзім ішінде қалыптасуы керек - Сағынтаев

384 рет
көрсетілді

Қазақстанның Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Астанада жаңадан құрылған ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына министр Бейбіт Атамқұловты таныстырды. «Бұл министрлікті құру - заман талабы. Президент жаңа министрлікті қалыптастыруда Атамқұловқа сенім білдірді. Қысқа мерзім ішінде барлық ұйымдастырушылық мəселелерді шешіп, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға кірісу керек», - деді Б.Сағынтаев. Айта кетейік, министрлік қызметінің негізгі бағыттары қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылық болмақ. Бұдан өзге, жаңадан құрылған министрлікке Қорғаныс министрлігінен - қорғаныс өнеркәсібі саласындағы, Инвестициялар және даму министрлігінен - ғарыш қызметі саласындағы, Ұлттық экономика министрлігінен - жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы, Премьер-Министрдің Кеңсесінен - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілді.