• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
08 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №573

198 рет
көрсетілді

2016 жылғы 7 қазан,  Астана, Үкімет Үйі «Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі №260 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі №260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №10, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Фильтрлі 20 (жиырма) сигаретке: 1) 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін – екі жүз жетпіс теңге мөлшерінде; 2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жүз теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ