2016 жылғы 7 қазан, Астана, Үкімет Үйі
«Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі
№260 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі №260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №10, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Фильтрлі 20 (жиырма) сигаретке:
1) 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін – екі жүз жетпіс теңге мөлшерінде;
2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жүз теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Б.САҒЫНТАЕВ