• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Қазан, 2016

Су тартылмаған 2294 ауылдың әрқайсысында 500-дей адам тұрады - Бишімбаев

455 рет
көрсетілді

Елді мекендерді сумен қамту мәселелеріне арналған Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев елді мекендерді сумен қамту ісінде бірқатар түйткілдер бар екенін айтты. Бірінші – облыс орталықтары мен ірі қалаларды (ҚЕМ) сумен қамтамасыз ету. «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру желілері зерттелді, 53 қала бойынша инвестициялық негіздеменің бағдарламасы әзірленді. Нәтижесінде, сектордың жалпы инвестициялық қажеттілігі 1,97 трлн. теңгені құрайтыны белгілі болды, бұл республикалық бюджетке көп салмақ салады. Су арналарының нормативтік ысырабы 17-23% құрайды. Тарифтердің өсуін ескере отырып, қалалық елді мекендердегі су арналарын қаржыландыру бойынша бюджетке түсетін жүктемені төмендету орынды деп санаймын", деді министр. Бұдан басқа, ірі қалаларда қалалық коммуналдық су арналары менеджменті тиімсіз. Сол себепті су ресурстарының ысырабы көп, тарифтер мен қаражатты жинау деңгейі төмен. Осы орайда, ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау проблемасын шешу үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қатынасын енгізу ұсынылады. Екінші – ауылдық елді мекендерді (АЕМ) сумен қамтамасыз ету. Ауылға су тарту жеке капитал үшін инвестициялық тартымды болып есептелмейді. Себебі ауылдар бір-бірінен қашық, халық саны аз, тариф төмен және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны жоғары. Биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 6670 ауылды елді мекеннің ішінен орталық су жүйесімен 3 616-сы (53,8%) қамтамасыз етілген. Ал су тартылмаған 3054 ауылдық елді мекеннің 2294-інде тұрғындар саны 500 адам шамасында. Оларға экономикалық негізі бар және арзан орталық су жүйесін тарту, су бұру жүйелерін құру үшін халық саны жеткіліксіз. Ауылдық елді мекендердегі тарифтер халық үшін өте қымбат және инвестицияны қайтару үшін жеткіліксіз – өңірге байланысты тарифтер 1 текше метр үшін 9 теңгеден 4,0 мың теңге аралығында. Нәтижесінде, Қазақстанның басым бөлігінде сумен қамту және су бұру қызметі өз беттерінше жабдықтау негізінде көрсетіледі. Үкімет отырысында бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі де қаралды. Бұл жөнінде Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов баяндады. Ол 2016 жылдың 15 қазанындағы жағдай бойынша 28 сүт қабылдау пункті және 3,2 мың отбасылық бордақылау алаңы құрылғанын айтты. Мұның аясында 15 мың жеке қосалқы шаруашылық қамтылмақшы. «Республика бойынша 15 қарашаға дейін 2 400 ауыл округінің әкімдерін және аудан әкімдері орынбасарларын оқыту аяқталады» деді Қ.Айтуғанов. Сондай-ақ, министрлік өкілінің айтуынша, әкімдіктер мақұлдаған жоспарларға сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін 150 ауыл шаруашылығы кооперативі ұйымдастырылып, олар 100 сүт қабылдау пункті мен 2 мыңнан астам отбасылық бордақылау алаңын біріктіретін болады. Динара Бітікова